Салт пен дәстүр – ұлтымыздың рухани байлығы

Қазақ халқының салт-дәстүрі өзге халықтардың ғұрыптарынан ерекше. Алайда арасында бүгінге дейін ұмыт болып бара жатқандар да жетерлік. Білімді ұрпақ өсіру – ұлт келешегі. Оқушылардың бойына ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрді сіңіру біздің ең басты мақсатымыз. «Біртұтас тәрбие» бірыңғай тәрбие бағдарламасы – басты бағдарымыз. Бағдарлама жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде еңбекқор, адал, саналы азаматты тәрбиелеуге бағытталған.

Бүгінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы бойынша бірқатар жұмыстар атқарылуда. Міне, осы орайда осы үрдістерді жаңғырту мақсатында қайта жандандырып, Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының “Даналық мектебінің” әжелер клубымен “Ұлттық құндылықтарды ұлықтайық” тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге “Қазақ аналары – дәстүрге жол” республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшелері: Мақажанова Тоғжан Мақажанқызы, Жангельдина Бахыт Қанашқызы, “Даналық мектебінің” төрайымы Абушахманова Алма Ғалымқызы,  Ханшайым Назымбекова, ұлттық қолөнерді насихаттап жүрген хас шебер, облыс бойынша “Ұршық” жобасының жетекшісі Жүсіпбаева Гүлназима Ғапуқызы қатысты.

Кездесуде оқушыларға ұмытылып бара жатқан ұлттық қолөнеріміз ұлықталды. Соның ішінде киіз басу, ұршық иіру көрсетілді. Оқушылар өте қызығушылық танытты. Бұл іс-шараның мақсаты – ұмыт бола бастаған салт-дәстүрімізді жаңғырту, еңбекке тәрбиелеу. Тәрбие – тал бесіктен демекші, ұлттық құндылықтарымызды, ата-бабамыздың мирас боп қалған рухани байлығымызды бүгінгі ұрпақ бойына дарыту, дәстүріміздің мектептен бастап дамыту – біздің басты міндетіміз. Өйткені бүгінгі ұрпақ –  ертеңгі жарқын болашақ. Алдағы уақытта осы бағытта жұмысты жаңдандыра отырып, жасөспірімдерге этнопедагогикалық тәрбие беру – мақсаттың бірі болып қала бермек. 

Елмира Мергенбаевна САЛИКОВА,
Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру
мектеп-интернаты 
басшының тәрбие жөніндегі
орынбасары, Павлодар облысы, 
Баянауыл ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий