KAZROCKETS Satellite Design Tournament 2025 тіркеуі ашық!

KAZ ROCKETS 14–19 жас аралығындағы мектеп оқушылары мен студенттерді KAZROCKETS Satellite Design Tournament 2025 инженерлік жарысына қатысуға шақырады! Төрт адамнан тұратын командаңызды жинап, өзіңіздің үздік шешіміңізді дəлелдеңіз!

Жарыстың бас демеушісі – Гумарбек Дəукеев атындағы Алматы энергетика жəне байланыс университеті (АЭжБУ). АЭжБУ-дың қолдауы арқасында жарысқа қатысушылар өз əлеуеттерін ашып, Қазақстанның ғарыш саласын дамытуға үлес қоса алады.

Жарыс кезеңдері
● Бірінші тур (онлайн): 2025 жылғы 24 ақпан – 10 наурыз.
● Екінші тур (онлайн): 2025 жылғы 14 наурыз – 24 наурыз.
● Финал (Алматы): 2025 жылғы 10–11 сəуір – спутниктерді құрастыру жəне ұшыру.

Жүлде қоры жəне мүмкіндіктер
● Жүлде қоры – 1 миллион теңге.
● Финалистердің трансфері мен тұру шығындары өтеледі.
● Аэрокосмостық технологиялар саласындағы бірегей тəжірибе.
● Мансаптық өсу мен жаңа таныстықтарға жол ашады.

Тіркеу
Тіркеу 2025 жылғы 20 қаңтардан 20 ақпанға дейін ашық. Тіркелу kazrockets.kz сайтында тегін жүргізіледі. Орындар шектеулі!

Байланыс
● Веб-сайт: kazrockets.kz
● Email: kazrocketspf@gmail.com
● Instagram: @kazrockets
● Телефон: +7 (775) 163 9790

Спутникті жаса. Болашаққа ұмтыл!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий