«Дидактикалық ойындар арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамыту»
Бала жастайынан сөйлеу және іс-әрекет дағдылары арқылы дамып,жетіледі. Ең алғашқы балалардың саналы түрде дамуына ойын әсер етеді. Баланы қызықтырып, талпындырып, жан-жақты дамыту балабақшадан бастау алады. Қәзіргі кезде техниканың өрлеп, цифрландырудың етек жаюына байланысты үш жастан бастап балаға санауды,ән айтуды, үш тілде күнделікті сөздердің аудармасын үйретуді көпшілік ата-ана қолға алған,нәтиже оңтайлы.Бұндай жеңіл қадаммен үйрету жолдары ойын арқылы, қызықтыру арқылы жүзеге асатыны белгілі. «Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып,оның танымдық қабілетін дамытады,ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы жоқ және болуы мүмкін емес», деп В.А.Сухамлинский айтқандай, ойын бала үшін өмірге деген үлкен қадам сияқты. Жалпы ойын арқылы баланың зейіні ашылады, өзін-өзі басқаруы, жауапкершілігі, тәрбиелігі, ұйымшылдығы,ынтасы артады. Ойын баланың бірінші әрекеті, сол үшін ойынның балаға қызығы мол. Қазақ халқының біртуар ,дана азаматы Абай атамыз айтқандай: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?». Ойын кезінде баланың ерекшелігі мынындай: бала ойланады,эмоциялық әсері пайда болады,белсенділік қалыптасады, қиял елестері мен ерік қасиеттері дамиды.Мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелейтін, дамытып шыңдайтын ол- ойын. Осы ретте бүгінгі таңда дидактикалық ойындардың бала үшін үш маңызы бар.
Дидактикалық ойындар 3- ке бөлінеді.
- Заттық дидактикалық ойындар
- Үстел үсті ойналатын дидактикалық ойындар.
- Сөздік дидактикалық ойындар.
Аталған ойындар балабақшада сәбиелер тобынан бастау алады.Бұл топтағы балаларға жеңілдеу сатылардан бастап ойын түрлері ойнатылады.
Балалар ойыншықтарды қолымен ұстап, сипап сезіп, көзімен көріп ойнайды. Ал жоғары топтарда дидактикалық ойындар керісінше күрделеніп жүргізіледі.
Дидактикалық ойын түрлері төмендегідей заттармен ойнатылады.
- Киім түрлерімен ойнатылатын дидактикалық ойындар
- Заттық ыдыстарды қолдану арқылы ойнатылатын дидактикалық ойындар.
- Заттық жеміс-жидектерді қолдану.
- Заттық үй жануарларын пайдалану.
- Үстел- үсті дидактикалық ойындар.
Аталған барлық ойын түрлерінің өзіндік ережелері мен көрнекіліктері бар.Бұл ойын түрлері арқылы балалар жан-жақты дамып, бойында шығармашыл адамды қалыптастырады. Баламен тілдік қарым-қатынас құру арқылы баланың тез әрі қатесіз сөйлеуіне жағдай жасаймыз. Бұл ретте тағы да бізге көмек ол-ойын. Ол ойын түрлеріне:
- «Саусақ» ойыны.
- «Куырмаш» ойыны
- «Бес саусақты қуырмаш» ойыны жатады.
Аталған саусақ арқылы үйретілген ойын түрлері баланың сөйлеу тілін дамытуға ықпал жасайды.Саусақ ойыны ертеден келе жатқан бала үшін мәні бар, мәдени шығармашылық ойын. Табиғаттың өзі ойынмен байланысты демеуші ме еді, ендеше әр бала ойынмен өседі.Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Баланы, оның ішінде мектеп жасына дейінгі балаларды ойынмен ғана емес, жан-жақты дамыта аламыз деп,- мен өз ойымды аяқтаймын.
Бекназарова Кенжекул Султанбековна
№78 «Асыл» балабақшасының қазақ тілі педагогы. Астана, Қазақстан