“STEM” білім берудің тиімді әдістері
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің №253 бұйрығы негізінде «KREATIVTİ QAZAQSTAN» Халықаралық ғылыми-әдістемелік орталығы 21.02.2025 «STEM білім берудің тиімді әдістері» тақырыпты Республикалық ғылыми-әдістемелік семинар өткізеді. Республикалық семинар Алматы облысы Ұйғыр ауданы Заманбек Батталханов атындағы орта мектепте өтеді.
«STEM білім берудің тиімді әдістері» республикалық ғылыми-әдістемелік семинарының мақсаты: STEM білім берудің маңыздылығын ашу – білім беру жүйесінде STEM (Science, Technology, Engineering, Mathematics) әдістерінің рөлін түсіндіру және оның оқушылардың шығармашылық ойлауын, зерттеу дағдыларын дамытудағы маңызын көрсету; Тиімді әдістерді талқылау – STEM білім беруде қолданылатын заманауи педагогикалық әдістер мен инновациялық тәсілдерді ортаға салу, тәжірибе алмасу.
Және практикалық тәжірибе тарату – педагогтер мен әдіскерлерге STEM оқыту әдістерін тәжірибеде қолдану жолдарын көрсету, шеберлік сабақтары мен тренингтер ұйымдастыру. «STEM білім берудің тиімді әдістері» республикалық ғылыми-әдістемелік семинарда «STEM білім беруде инновациялық әдістер мен құралдар», «STEM білім беруде практикалық әдістер мен жобалық оқыту» және тағы да басқа бағыттар қамтылады.
Мәрия ЖҰМАҚОЖАҚЫЗЫ,
ғалым-педагог, журналист