Мәтінді есептер арқылы құндылықтарды қалыптастыру: 8-9 сынып оқушыларына арналған элективті курс бағдарламасы

Кіріспе. Заманауи білім беру жүйесі оқушылардың тек теориялық білімді меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар өмірлік дағдыларды игеруді де қамтиды. Осы мақсатта «Мәтінді есептер арқылы құндылықтарды қалыптастыру» 8-9 сынып оқушыларына арналған элективті курсы бағдарламасы маңызды қадам болып табылады. Бұл курс оқушылардың математика пәнін тереңірек түсінуін ғана емес, сонымен қатар олардың логикалық ойлау қабілетін, өмірлік құндылықтарды қалыптастыруға ықпал етеді.

Айгуль Умиткалиевна
Гүлжиһан Аркадийқызы

Курс мақсаты мен міндеттері. Курстың негізгі мақсаты – оқушыларға мәтінді есептерді шешу арқылы білім мен дағдыларды ғана емес, сонымен қатар адамгершілік, әлеуметтік, және жеке құндылықтарды қалыптастыру. Мәтінді есептер оқушыларды нақты өмірдегі жағдайлармен таныстырып, қиындықтарды шешуге, жауапкершілік алуға, шешім қабылдауда әділдік пен логиканы қолдануға үйретеді.

Курстың міндеттері: мәтінді есептерді дұрыс түсініп, шешу дағдыларын дамыту; оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін арттыру; құндылықтар мен адамгершілік нормаларын математикалық есептер арқылы қалыптастыру; жауапкершілік, әділеттілік, ынтымақтастық, үйымшылдық, бірлік сияқты әлеуметтік құндылықтарды тәрбиелеу мен мәтінді есептердің көмегімен оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру. Бұл элективті курс білім беру жүйесінде тың идеяларды енгізуімен ерекшеленеді.

Оның басты жаңашылдығы – математикалық мәтінді есептерді тек есеп шығару құралы ретінде ғана емес, тұлғалық және құндылықтық даму құралы ретінде пайдалануында. Қазіргі білім беру бағдарламаларында құндылықтарға негізделген мәтінді есептер курсы кеңінен қолданылмайды, сондықтан бұл бағдарлама бірегей болып табылады. Білім беру жүйесінде аналогтардың болмауы курстың маңыздылығын арттырады және оны басқа пәндермен интеграциялау арқылы кеңінен қолдануға мүмкіндік береді.

Өзектілігі: Қазіргі заманғы білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқушылардың пәндік білімдерін ғана емес, сонымен қатар олардың құндылықтық бағдарларын қалыптастыру. Бұл элективті курс осы мақсатқа сәйкес әзірленген. Мәтіндік есептерді шешу барысында оқушылар логикалық ойлауын дамытумен қатар, жауапкершілік, әділдік, еңбексүйгіштік, патриотизм, экологиялық саналы көзқарас сияқты маңызды құндылықтарды меңгереді. Курстың мазмұны заманауи білім беру үрдістеріне сәйкес құрылып, пәнаралық байланыстарды тиімді пайдалану арқылы оқушылардың жан-жақты дамуына ықпал етеді.

Элективті курс артықшылықтары. Интегративті әдіс: математика мен құндылықтарды сабақтастырып, оқушылардың жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді. Өмірмен байланыс: күнделікті өмірде кездесетін мәселелерге негізделген мәтіндік есептер оқушылардың практикалық дағдыларын жетілдіреді. Тәрбиелік мәні: оқушылар тек есеп шығарып қоймай, олардан маңызды өмірлік сабақтар алады. Оқушылардың белсенділігін арттыру: топтық жұмыс, пікірталас және шығармашылық есептер арқылы оқушылардың қызығушылығын оятады.

Курс нәтижелері. Курсты аяқтаған соң оқушылар келесі дағдыларды меңгеріп шығады: мәтінді есептерді дұрыс түсініп, дұрыс шешу; әділеттілік, жауапкершілік, ынтымақтастық сияқты құндылықтарды түсіну және оларды күнделікті өмірде қолдану; топта жұмыс істеу және басқа адамдармен тиімді қарым-қатынас орнату; қиындықтарды шешу барысында өз пікірін жеткізу және талқылау дағдыларын жетілдіру.

Қорытынды. «Мәтінді есептер арқылы құндылықтарды қалыптастыру» элективті курсы оқушыларды тек математикадан біліммен ғана емес, өмірлік маңызды дағдылармен де қаруландырады. Осы арқылы олар мектепте ғана емес, болашақта қоғамда да өз орнын таба алады. Курстың негізгі идеясы – білім мен құндылықтарды үйлестіре отырып, оқушылардың жан-жақты дамуына жағдай жасау.

Айгуль Умиткалиевна САГИНДЫКОВА,
Нәзір Төреқұлов атындағы №35 мектеп
лицей
інің математика пәні мұғалімі,
Гүлжиһан Аркадийқызы ЖАҢАБЕРГЕНОВА,
№93 мектеп-лицейдегі математика
пәнінің мұғалімі, Астана қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий