Математика күнделікті өмірде

Бүгінгі таңда математиканы меңгеру дегеніміз қарапайым математикалық процедураларды жаттау ғана емес, өз әрекеттерінде математиканы негіздей алатын, тұжырымдап, түсіндіріп, шешімдер таба білуді білдіреді. Оқушыларға күнделікті өмірде математикалық дағдылар өте қажет. Мысалы, қаржыны басқару, жоспарлау, деректерді  талдау  және тағы да сол сияқтылар.

Білім алушылардың математика пән аясында алған академиялық білімдерін нақты шынайы өмір нысандарына қатысты өнімді және саналы іс-әрекетті жүзеге асыруда өз қажеттілігіне қарай білім мен білік, дағдылармен толықтыру керек. Сабақта мәселелерді шешуге бағыттайтын есептер, түрлі деңгейдегі тапсырмалар, зерттеуге бағытталған шығармашылық жобалар тәжірибе аясында оңтайлы нәтижелер береді.

Сабақтағы тапсырмалар білім алушылардың оқудағы проблемалары мен практикалық мәселелерді шешуге, арифметикалық алгоритмдерді қолданып, түрлі нұсқада есептерді шығару жолдарын үйренуге, геометриялық құрылымдарды орындау және математикалық зерттеу жүргізу қабілеттерін дамытуға  үлесін  қосу керек.

1-сурет. Жобалық жұмыс.

1-сурет. (Жобалық тапсырма. «Төлем жасауда шетелдік валютаны отандық валютаға айырбастау»). Әр сабаққа құрастырған  оқу мазмұнын танымдық қызығушылықтарын арттырумен  қатар жеке тұлғалық және әлеуметтік, коммуникативтік  және рефлексивті дағдыларын дамытуды көздеймін. Сабақ үстінде оқытудың интерактивті әдістері: жобалық қызмет,ойын технологиялары, геймификациялық тапсырмалар сапаның жоғарылауын көрсете бастады.

Оқушылардың танымдық белсенділігін, өзіне таныс жағдаяттарды математикалық жолмен шешудің қаншалықты қызық әрі оқудағы қиындықтарын жеңуге көмектесетініне көз жеткізіп, сапаның да көтерілуіне септігін тигізетініне көз жеткізді. Олар математиканың әлемдегі рөлін түсініп, қажетті шешімдер қабылдауға көмектесетінін өз жұмыстарынан айқын дәлелдер мен мысалдар арқылы түсіндірді.

Нұрлыхан Бөлекбайқызы АЛАГОЗОВА,
“Жайсаң бала” жеке бастауыш мектеп
гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі,
педагог-зерттеуші, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий