Мамандықтар әлемі

“Еңбегі адал жас өрен” жобасы бойынша «Мамандықтар әлемі» тақырыбында біздің арнаулы оқу орнының бірінші курс студенттерінің қатысуымен тәрбиелік шара ұйымдастырдым. Басты мақсат – өскелең жас ұрпақтың мамандық әлемі және ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейтуге бағытталған. Міндетті: студенттің өзінің қаблетін, бейімін, қызығушылығын мамандыққа сай тани білуге үйрету.

Студенттердің бағдары мен құндылықтары туралы мәлімет беру.  Студенттерге мамандықтарына сай бағыт беру. Әр адам өз өмірінде белгілі бір кәсіпті таңдайды, ол оның болашағын, әлеуетін және өмір жолын анықтайды. Мамандықтар әлемі өте кең әрі әртүрлі, әрқайсысы өзіндік ерекшеліктерімен, талаптарымен және жауапкершіліктерімен ерекшеленеді. Бүгінде бұл әлем әр күн сайын мың құбыла өзгеріп, жаңашылдықтар мен технологиялардың әсерінен дамып отыр. Сол себепті мамандықты дұрыс таңдау – болашаққа сенімді қадам жасаудың негізі.

Сонымен қатар, мамандық таңдау жастар үшін өз армандарын жүзеге асыратын мүмкіндікке айналуы мүмкін. Болашақ маманның таңдаған жолында табысты болуы үшін ол өз саласында кәсіби білім мен тәжірибе жинақтап, үздіксіз дамып отыруы қажет. Шара барысында бітіруші түлектер оқу процесінде теориялық білім алумен қатар практикада қолдану, көш-басшылық, тұлғалық, адамгершілік қасиеттерінің дамуына жағдай жасалатындығына тоқталып, өздерінің жетістіктерге жету жолдарын презентация арқылы баяндады.

Мен бұл мамандыққа қалай келдім? Қазіргі деңгейім қандай? Машық кезінде қандай тиімді әдіс- тәсілдер қолдандым? осы сұрақтар төңірегінде бітіруші топтар өз ойларынмен бөлісіп іс тәжірибемен алмасты. Бұл басқосуға студенттер белсене жоғары қызығушылықпен қатысты. Кездесу соңында бірінші курс студенттері өздерінің алған жағымды әсерлерін мен мамандықтары туралы түрлі-түсті стикерлерге жазбаларын қалдырды.  

Мамандықтар әлемі өте әртүрлі және бұл әрқайсымызға өзімізге ұнайтын саланы таңдауға мүмкіндік береді. Әр мамандықтың өзіндік қиындығы мен қызығы, өзіне тән ерекшеліктері бар. Сондықтан, болашақ мамандықты таңдар кезде өз қызығушылықтарыңыз бен қабілеттеріңізді ескеріп, мүмкіндіктеріңізді дұрыс бағалаңыз, – дегім келеді мектепті биыл бітіретін жас түлектерге.

Нургуль Бидалыевна НУРЛАНОВА,
Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары
педагогикалық колледжіндегі педагогика
және психология кафедрасының оқытушысы,
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий