Қарағанды облысы: Жоғары оқу орны мен колледж ынтымақтастығы

«Жұмысшы мамандықтар жылы» шеңберінде техникалық және кәсіби білім беру ұйымдары мен отандық кәсіпорындар және жоғары оқу орындары арасында тараптарға тиімді қарым-қатынас орнату жетекші бағыттарының бірі болып табылады. Өткен ғасырдың қырықыншы жылдары негізін қалаған Қарағанды тау-кен индустриалдық колледжінің директоры Абденов Нұрлан Аманкелдіұлы мен Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті КЕАҚ Басқарма төрағасы – Ректор Сағынтаева Сәуле Саветқызы арнайы кездесіп, ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, – деп хабарлайды Қарағанды облыстық білім басқармкасының баспасөз қызметі.

Кенді өлкедегі бұл жетекші жоғары оқу орны елуінші жылдары еліміздегі өндірістік күштерінің дамуына, көмір және басқа минералды-шикізаттарға сұраныстың жоғарылауына орай әрі қара және түсті металлургияның құрылысы, темір, мыс, басқа да поллиметалды рудалардың өндіретін жаңа кен орындарының ашылуына байланысты республиканың орталық аймағында инженерлік кадрларды дайындау қажеттілігіне сай Қарағанды тау-кен институты ретінде ұйымдастырылған болатын.

Колледж пен университет өкілдері екі жақтың арасындағы бұрыннан бар әріптестік байланысын барынша нығайтуға бағытталған дөңгелек үстелде пікір алмасып, материалдық-техникалық базамен танысу мақсатында зертханаларға, шеберханаларға және оқу шахтасына арнайы экскурсия жасады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий