Маңғыстау облысы: Мәшһүр Жүсіп оқуларының байқауы
Ақтау қаласындағы № 32 жалпы білім беретін мектепте Мәшһүр Жүсіп оқулары байқауының облыстық кезеңі ұйымдастырылды. Басты мақсат: философ – ақынның рухани мұрасын дәріптеу, шығармаларында бейнеленген туған жерге сүйіспеншілік, өскелең ұрпақты тәрбиелеу мақсатында жас ұрпақ бойына сіңіру болатын, – деп хабарлайды Маңғыстау облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.
Байқауға аудан, қала, облыстық мамандандырылған мектептерден 45 оқушы қатысып, бес аталым бойынша бақ сынады. Қорытынды кезеңде бас жүлдені иеленген үздіктер ретінде Ғ. Айдаров атындағы № 1 мектеп – лицейінің 9 – сынып оқушысы Тилеген Ержан (Түпқараған ауданы); № 1 жалпы білім беретін мектептің 10 – сынып оқушысы Баймағамбетов Сұлтан (Мұнайлы ауданы); Қызылтөбе лицейінің 8 – сынып оқушысы Муханадин Ақмаржан (Мұнайлы ауданы); № 2 жалпы білім беретін мектептің 9 – сынып оқушысы Ниетқабыл Әділбек (Жаңаөзен қаласы) арнайы сыйлықтармен марапатталды
Загрузка...