Түркістан облысы: Әлем университеттерінен шақырту алды

Түркістан қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Дильнура Каримжанова әлемдік университеттердің QS рейтингісінде елу үздік жоғары оқу орындарынан шақырту алды. Кентаулық жас дарынға Гонконг политехникалық университеті орын ұсынып отыр. PolyU – әлемге танымал инновация және технология орталығы саналады, – деп хабарлайды Түркістан облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Бұл оқу орны болашақ мамандарды заманауи ғылым мен өнеркәсіптің ең озық талаптарына сай даярлайды. Сонымен қатар, Дильнураға АҚШ-тың екі университетінен де ұсыныстар түскен. Ол оныншы сыныптан бастап көптеген волонтерлік жобаларға қатысып, екі жыл бойы ЮНИСЕФ бағдарламаларында волонтер және куратор болып қызмет атқарған. Бұл жұмыстар оған өз білімін өзгелерге көмектесу арқылы кеңейтумен қатар, ғылыми жобаларға да қатысу мүмкіндігін сыйлады. Дильнура Каримжанова еліміздің жетекші радиологы және Назарбаев университетінің профессорымен бірлесіп ғылыми зерттеулер жүргізген.

Оксфорд университетінің профессорының жетекшілігімен жасанды интеллект арқылы рак ауруын анықтау жайлы мақала жазды. Бұл жобалар халықаралық деңгейде кең танылып, жас ғалымның мәртебесін көтерді. Жас түлек білім мен тәжірибе жинау жолындағы белсенді қызметтері оған жаңа мүмкіндіктердің есігін ашқан. Ол GCIP (Global Cleantech Innovation Program) атты UNIDO ұйымдастырған таңдамалы акселерациялық бағдарламаға қатысып, ZeroWaste жобасын іске асыруға мүмкіндік алды. Жоба артық тағамдарды жинап, оны қайта сату арқылы қоршаған ортаға пайда әкелуді мақсат тұтады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий