Алматы: “Заң мен тәртіп” акциясы аясында рейдтік жұмыстар жүргізілді

15 ақпан күні Алматы қаласы Жетісу ауданының Комьюнити орталығы Полиция департаментімен бірлесіп, “Заң мен тәртіп” акциясы аясында рейдтік жұмыстар ұйымдастырды. Іс-шараның негізгі мақсаты – құқықбұзушылықтың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру.

Рейд барысында полиция қызметкерлері жергілікті тұрғындармен кездесіп, құқықтық кеңестер берді, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, шараға психолог мамандары да қатысып, тұрғындарға құқықтық және психологиялық көмек көрсетті.
Осындай бастамалар халықтың құқықтық мәдениетін дамытуға, құқықбұзушылықтың алдын алуға және қала тұрғындарының қауіпсіздігін нығайтуға ықпал етеді. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасатын болады.
