Техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарында дене шынықтыру пәнін ұйымдастырудың маңызы

Қазіргі кезде колледдж студенттеріне таңдаған мамандығына сәйкес техникалық және кәсіби тұрғыда жаңа заман талабына сай сапалы білім мен саналы тәрбие берумен қатар олардың салауатты өмір салтын ұстану барысында  дене бітімінің дұрыс жетілуін қадағалау міндеті тұр. Себебі бүгінгі жас өрен – тәуелсіз еліміздің ертеңге экономикалық қуатын, мәдени және рухани байлығын жақсартуға ықпал ететін және бәсекеге қабілеттілігімен ерекеленетін жеке тұлға.

Дене шынықтыру сабақтары – түрлі спорттық жаттығуларды жүйелі түрде үйретудің негізгі формасы. Әрбір пән сабағындағы негізгі міндет – барлық жастағы топтардың ұл-қыздарын дұрыс қимыл қозғалысқа үйрету, мықты денсаулықтың қадірі мен қасиетін бағалай білуге тәрбиелеу. Демек дене тәрбиесі тек колледж қабырғасындағы кезекті дене шынықтыру сабағы ғана емес, ол сабақтан тыс бос уақытты тиімді пайдалануға бағытталған жоспарлы да жүйелі шаралардың жиынтығы.

Қазіргі кезеңдегі білім беру орындарындағы дене тәрбиесінің жүйесі жастардың денсаулықтарын нығайтумен қоса, тұлға бойындағы биологиялық-психологиялық қажеттіліктердің жан-жақты жетілуіне, өмірге деген белсенділігі мен ізгілікті қатынастарын дамытуға бағытталған. Дене тәрбиесі – өсіп келе жатқан жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру саласының бір тармағы болып табылады. Және жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне, ұзақ уақыт шығармашылық еңбекке жарамды адамды қалыптастыруға, отаншылдық рухты қалыптастыруға қызмет етеді. 

Қазіргі білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасы негізінде дене шынықтыру пәнінің мәртебесі артты деуге болады. Мұнда пән белгілі нормативтерге бекітілген талаптар бойынша тек дене шынықтырып қана қоюға бағытталмайды. Арнайы педагогикалық тәсілдерге негізделеді. Әрекет ету тәсілі бала қозғалыс арқылы дамитындығын қарастырса, құзыреттілік тұрғыдан келу негізгі біліктіліктерді меңгеруді көздейді. Сондай-ақ, түрлі тәсілдер арқылы денсаулықты сақтауды кеңінен қарастырады. Денсаулық – байлық қана емес, ол адам бақытының бастауы, тіршілік көзі. Әрбір адамның деннің саулығы мемлекет әл – ауқатының дамуына негізгі тетік  болады.

Дене тәрбиесі пәнінің бағдарламасында, әсіресе, теориялың бөлімінде дене шынықтыру жаттығуларын орындауда кең көлемде білімін жетілдіру, дене тәрбиесінің қоғамдағы орнын анықтау, оқу орындарында дене шынықтыру мен шұғылданудың мақсатын білу, жалпы дамыту жаттығуларын орындаудың әдісі мен тәсілін меңгеру, дене шынықтыру мен шұғылданудың денсаулық көзі екенін түсінуі және дене шынықтыру жаттығуларын күнделікті тіршілікте, өндіріс орындарында қолдана білуін қарастырған.

Арнаулы оқу орындарында дене тәрбиесі пәнінің құрылымы бірнеше міндетті оқу бөлімін құрайды: гимнастика, жеңіл атлетика, спорттық ойындар, ұлт ойындары, қозғалмалы ойындар, жүзу, жекпе-жек және шаңғы дайындығы (қысы жоқ өңірлерде дала жарысы (кросс) өткізіледі) және спорттық туризмнен тұрады. Қорыта айтқанда, дене шынықтыру сабағында алдымен жеке тұлғаның әлеуметтік құзыреттілігін дамытуға баса назар аударылады. Бұл дегеніміз оқушының өзін-өзі басқарудағы әлеуетін артып, салауатты өмір салтын ұстануына өзінді септігін тигізеді деген сөз.

Бауыржан МАКСУТ,
Есік кәсіптік – техникалық колледжінің
дене шынықтыру пәні оқытушысы,
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ
ауданы, Есік қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий