STEM БІЛІМ БЕРУДІҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

«Kreativti Qazaqstan» халықаралық ғылыми-әдістемелік орталығы 2025 жылы 21-ақпанда Алматы облысы Ұйғыр ауданы Үлкен дихан ауылындағы Заманбек Батталханов атындағы орта мектебінде «STEM БІЛІМ БЕРУДІҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ» атты республикалық ғылыми-әдістемелік семинар өткізді.

Республикалық семинар мектеп директоры Онласынова Гүлшат Шарынбекқызының алғысөзімен ашылып, құттықтау сөзді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аға оқытушысы, ғалым-педагог, журналист МосГУ аспиранты Мәрия Жұмақожақызы жалғастырды. Пленарлық мәжілісте директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, география пәні мұғалімі педагог-сарапшы Мукаев Аян Сагатұлы, география пәні мұғалімі, педагог- сарапшы Шормакова Анар Салимовна, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Куланбаева Назигул  Муканалиевна, физика пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Есимбекова Жазира Мусаевна, бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші Шормакова Алмажан Ботановна және т.б. ұстаздар баяндама жасады. 

Республикалық ғылыми-әдістемелік семинарда STEM білім беруді теориялық негіздері, тиімді әдістері және ерекшеліктері жан-жақты талқыланды. «STEM БІЛІМ БЕРУДІҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ» атты республикалық ғылыми-әдістемелік семинарға онлайн және офлайн форматта Батыс және Оңтүстік өңірден, Алматы облысынан 70-тен астам педагог қатысты. Республикалық ғылыми- әдістемелік семинар жинағы жарық көрді.

«Kreativti Qazaqstan» халықаралық ғылыми-әдістемелік 
орталығының баспасөз қызметі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий