Алматы қаласы: “Үздік мектеп парламенті” байқауы
«Алматы дарыны» орталығында жалпы орта білім беру ұйымдарының 9-11 сынып оқушылары арасында «Үздік мектеп парламенті» байқауының қалалық кезеңі ұйымдастырылды. Байқаудың мақсаты: мектеп парламенттерінің қызметін жандандыру, оқушылардың өзін-өзі басқару органдарының тиімді жұмыс тәжірибесін анықтау, балалар мен жасөспірімдер қозғалысының қызметін ұйымдастырудың формалары мен әдістерін жетілдіру, – деп хабарлайды Алматы қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі.
«Үздік мектеп парламенті» байқауының қалалық кезеңінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды: бірінші орын – Наурызбай ауданы, № 174 мектеп-гимназия; екінші орын – Ауезов ауданы, № 104 жалпы білім беретін мектеп; үшінші орын – Медеу ауданы, № 48 мектеп-лицей. Сонымен қатар, қатысушыларға қосымша аталымдар бойынша грамоталар табыс етілді: «Жылдың инновациялық жобасы» – Алмалы ауданы, № 120 гимназия; «Ең креативті презентация» – Жетісу ауданы, № 102 жалпы білім беретін мектеп.
Загрузка...«Шығармашылық парламент» – Алатау ауданы, № 91 жалпы білім беретін мектеп; «Үздік әлеуметтік жоба» – Наурызбай ауданы, № 174 мектеп-гимназия; «Үздік бастамашы» – Әуезов ауданы, № 104 жалпы білім беретін мектеп; «Идеялар генераторы» – Түрксіб ауданы, № 17 жалпы білім беретін мектеп; «Шығармашылық басқару шебері» – Медеу ауданы, № 48 мектеп-лицей; «Командалық рух» – Бостандық ауданы, № 92 мектеп-лицей.