Жамбыл облысы: Мектепте лимон өсіріле бастады

Меркі ауданындағы Мұхтар Әуезов атындағы мектеп лицейінде, «Үміт» оқушылар сарайында, №7, №14, №16 жалпы орта білім беретін мектептерде жылыжайлар жұмыс жасайды. “Өрлеу” БАҰО АҚ Жамбыл облысы бойынша кәсіби даму институтымен бірлескен жұмыс жоспары аясында №16 білім ордасында лимон өсіріле бастады, – деп хабарлайды осы аймақтағы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Сыпатай батыр ауылындағы бұл білім ұясының балалары былтыр жылыжайға лимон ағашын отырғызған еді. Қазір онда азиялық цитрустың 15 түбі жайқалып тұр. Жыл басында түйін салған. Енді бес айда жеуге жарап қалады. Дарақтар былтыр да жеміс салған. Алдағы 3 жылда бір түп лимон ағашы елу келіге дейін өнім бермек. Жемістің бұл түрі минус төрт градус суыққа төзімді көрінеді. Сондықтан көктем мен күз аралығында далада өсіруге ден қоймақ. Қазір олар 102 шаршы метр жылыжайда лимоннан бөлек, құлпынай, мен павловния көшеттерін өсірген.

– Осы лимонды қазіргі таңда шетелден экспорттаймыз. Сондықтан біз өзіміздің ауылды лимон шаруашылығы ретінде болашақта жандандырғымыз келеді. Себебі осы арқылы біз шетелге тәуелді болмаймыз. Ол жақтан қымбатқа келеді. 2-3 жыл сайын тұқымдарын алып отырамыз. Себебі жыл сайын жақсы тұқым беру үшін керек, – дейді. 11-сынып оқушысы Жәния Манапалы.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий