Ақмола облысы: Ғылыми жобалар байқауының үздік үштігі

Ақтөбе қаласында 8-11 сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша ұйымдастырылған республикалық ғылыми жобалар байқауының қорытынды кезеңнің басты мақсаты – оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру, неғұрлым талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу және қолдау, Қазақстан Республикасының зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесу болатын, –  деп хабарлайды Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Ғылыми жобаларды қорғау үш бағыт, оның ішінде 10 секция бойынша жүзеге асырылады: «Ғылыми-техникалық прогресс экономикалық өсудің негізгі буыны ретінде», секциялар: физика, техника, Жер және Ғарыш туралы ғылым;  «Экономикалық және әлеуметтік үрдістерді математикалық модельдеу», секциялар: математика, қолданбалы математика, информатика, экономика; «Салауатты табиғи орта – «Қазақстан-2030» Стратегиясын жүзеге асырудың негізі», секциялар: биология, химия, қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау.

Ақмола облысынан 10 жобамен он оқушы қатысты. Республикалық байқаудың қорытындысы бойынша екінші дәрежелі дипломмен «Биология» секциясы бойынша Маратбекова Камила– Сандықтау ауданы, Новоникольск ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы; Грамотамен «Қоршаған ортаны қорғау» секциясы бойынша Базарқұл Мадияна – Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы марапатталды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий