Қызылорда облысы: IELTS халықаралық емтиханнан 8.0 балл жинаған аралдық оқушы

Қызылорда облысындағы Арал ауданның орталығындағы №220 орта мектебінің 11 сынып оқушысы, облыстық олимпиаданың екі мәрте жүлдегері Еркеназ Мәдиқызы Халықаралық IЕLTS емтиханын сәтті тапсырып, 8.0 балл жинады. Аудан тарихында мектеп оқушылары арасында алғаш рет жоғары нәтижеге қол жеткізген шәкіртіміз тілді меңгеру деңгейін растайтын С1 сертификатын иеленді, – деп хабарлайды Арал аудандық білім бөлімі.

Бұл нәтиже ҰБТ-де ағылшын тілі пәні бойынша 50 баллды автоматты түрде иеленуге және Халықаралық университеттерге түсуге зор мүмкіндік бермек. Білімпаз шәкіртіміз бен жетекшісі Айнур Уксикбаеваны айтулы жетістіктерімен құттықтай отырып, алдағы жоспарларына сәттілік тілейміз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий