Алматы облысы: Балалар үйінің жаңа ғимараты

№1 балалар үйінің тәрбиеленушілері (Кирилл Капранов, Алексей Некрасов және Денис Узлов) Қонаев қаласына барып, жаңа ғимараттың құрылысымен танысқан соң аймақ жетекшісі Марат Сұлтанғазиевпен жүздесті. Бұл нысан 240 орынға есептелген және аумағы төрт мың шаршы метрды құрайды, – деп хабарлайды Алматы облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

1963 жылы салынған бұрынғы ескі құрылыс ғимаратына апатты жағдайына байланысты күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жаңа мекеме құрамында кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы да жұмыс істейді. Ғимарат 900 орындық мектептің жанында орналасқан. Балалардың қатынауы үшін 14 орындық автобус бөлінбек. Алматыға дейінгі ара қашықтық алпыс бес шақырымды құрайды.

– Балалар үйі мен оның тәрбиеленушілеріне қатысты барлық мәселелер біздің бақылауымызда. Жаңа ғимаратты қажетті жабдықтармен, көлікпен және мектеп құралдарымен қамтамасыз ету ғана емес, балалардың қауіпсіздігін сақтай отырып, қолайлы жағдай жасау да маңызды. Қоныс аударатын қызметкерлердің жұмыс орындарын сақтау мәселелері шешіледі.  Әлеуметтік желілерде тараған жер учаскесінің аффилиирленген тұлғаларға сатылуы туралы қауесеттерді жоққа шығарамыз, – деді ұжыммен кездесуі кезінде өңірдің бас ұстазы Салтанат Беспаева.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий