Жетісу облысы: Колледж студенттерінің құзіреттілік байқауы
Аймақтығы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының 2 және 3 курс білім алушылары арасында «Аспаз ісі» құзыреттілігі бойынша ұйымдастырылған кезекті байқаудың негізгі мақсаты «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы (10130300) бойынша оқып жатқан студент жастардың кәсіби шеберлігін жетілдіру және жеке әлеуетін дамытуға бағытталған болатын, – деп хабарлайды Жетісу облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.
Қатысушы он екі үміткер үш модуль бойынша бақ сынады. Талдықорған сервис және технология колледжінің (директоры – Исламова Мөлдір Анварханқызы) намысын С21П тобының білім алушысы Жайсанбай Ерасыл (өндірістік оқыту шебері Сетербаева Гулназ Мухамедхановна), С22П тобының білім алушысы Мескаев Рухман (өндірістік оқыту шебері Закенова Айша Ришатовна) қорғаған еді.
Загрузка...Байқаудың қорытындысы бойынша бас жүлдені Мескаев Рухман иеленді. Бірінші орын Жексенбек Алина – Ақсу агротехникалық колледжі; екі екінші орын Легкоступ Екатерина – Алакөл көпсалалы колледжі мен Давыдов Александр – Сарқан политехникалық колледжі; екі үшінші орын – Грачева Анастасия – Текелі кәсіптік колледжі және Малькова Подина – Бастөбе сервистік техникалық колледжі. Жайсанбай Ерасыл арнайы сертификатпен марапатталды.