Жамбыл облысы – Ұлттық құндылықтар: білім мен тәрбие
Жуалы ауданындағы №30 Көктөбе орта мектебінің базасында оқу-әдістемелік орталықтың үйлестіруімен «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру аясында мектептердің тәрбие жұмысына жауапты педагог қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсету және өзара тәжірибе алмасу мақсатында «Біртұтас тәрбие: балаларға ұлттық құндылықтар негізінде білім мен тәрбие беру» тақырыбындағы облыстық тәжірибелік семинар ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Жамбыл облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.
Басқосуға аудандық білім бөлімдерінің тәрбие жұмысына жауапты әдіскерлері, білім беру ұйымдарының басшылары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілер, педагог-психологтар мен әлеуметтік педагогтарді құрайтын үш жүзден аса педагог шақырылған болатын. Іс-шара барысында жергілікті оқу-әдістемелік орталықтың бөлім жетекшісі Г.Келдибаева «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жүзеге асырылу жағдайы», Жуалы аудандық білім бөліміндегі әдістемелік кабинеттің меңгерушісі Е.Джузбаев «Біртұтас тәрбие бағдарламасы: әрекет пен нәтиже» тақырыбында арнайы баяндамалар жасады.
«Құндылықтарға негізделген іс-шараларды ұйымдастыруда жасанды интеллект қосымшаларын пайдалану», «Тұлға қалыптастыруда ұлттық құндылықтар негізінде тәрбие мен білім беруде дәйексөздердің маңызы», «Тәрбие процесін сәтті жүзеге асыру аспектілері» тақырыбында педагогикалық-психологиялық хакатон, «Қамқор» әлеуметтік жобасының іске асырылуы» тақырыптарында шеберлік сыныптар, «Білім алушы бойына құндылықтарды қалыптастырудағы «Ұшқыр ой алаңы» жобасының маңыздылығы»; «Ойынға салауатты көзқарас: лудоманияның алдын алу», «Еңбегі адал-жас өрен» жобасы аясында «Мамандық таңдау – маңызды қадам», «Smart bala» жобасы шеңберіндегі «Өнертапқыштыққа бір қадам» тақырыбында практикалық жұмыстары сарапқа салынды.
«Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Кітаптар айналымы» тақырыптарында педагогтердің іс-тәжірибелері көрсетіліп, қатысушылар өзара тәжірибе алмасты және «Ұлттық тәрбие – ұлттық құндылық» атты қолөнер бұйымдары мен суреттер көрмесі тамашаланды.
Загрузка...