Алматы қаласы: Балабақшадағы бүлдіршіндер дербестікке үйренуде
Оңтүстік астанада балабақшадағы бүлдіршіндерді дербестікке үйрететін болады. Алматы қалалық білім басқармасының мамандары мектепке дейінгі білім беру басқармасымен бірлесіп «№1 бөбекжай-балабақша» жергілікті педагогтерге арналған әдістемелік семинар ұйымдастырды, – деп хабарлайды тұңғыш мегаполистегі салалық құрылымның баспасөз қызметі.
Бұл іс-шараның басты мақсаты мектепке дейінгі білім мен тәрбие беру орталықтарының педагогтеріне өзін-өзі қызмет ету арқылы балаларды мектеп өміріне дайындауға көмектесуге бағытталған болатын. Сондықтан бұл басқосуға білім басқармасының мектепке дейінгі тәрбие және тәрбие басқармасының басшылары мен мамандары, мектепке дейінгі тәрбие және білім беру бөлімінің және қалалық мектепке дейінгі ресурстық орталығының басшылары және қалалық мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары мен педагогтары арнайы ақырылған еді.
Загрузка...Барлық қатысушылар іс-шара барысында құзіреттілік орталығының жол картасы мен жоспарын жүзеге асыру мақсатында тиімді тәжірибелерін ортаға салып, пайымды пікірлерін білдірді. – Біздің балалар үлкендердің қадағалауымен тамақтарын өздері құйып, отыратын орындарына апарады. Белгіленген уақытта тамақтанып болған соң дастарханның үстін бірге тазалап, жинайды. Тәрбиешілер мен асхана мамандары тек дұрыс мөлшерде құйып, үстелге апару кезінде бір-бірімен соқтығысып қалмау үшін ғана қимыл-қозғалыстарын сырттай бақылайды. Жапондық бұл әдісті дәстүрге енгізу ұл-қыздардың ата-аналарының келісімімен және балалардың біршама тәуелсіз болуына мүмкіндік береді, – дейді №1 бөбекжай-балабақшаның меңгерушісі Қарабалаева Қымбат Алимбайқызы.