ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев әйелдер қауымын құттықтады – Министр просвещения РК Гани Бейсембаев поздравил с Международным женским днем
Құрметті әріптестер, ардақты аналар мен арулар!
Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл ең аяулы, жарқын да тамаша күн – әйел сұлулығының, әсемдігінің, даналығының және нәзіктігінің символы.
Күн сайын айналаңызға әсемдік пен жылулық сыйлап, өмірге ерекше мән берген Сіздер сапалы, білімді ұрпақ тәрбиелеуге, оқу-ағарту жүйесін дамытуға да баға жетпес үлес қосып келесіздер.
Бүгінде балабақшаларда, мектептер мен колледждерде 480 мыңнан астам әйел-педагог еңбек етуде. Еліміздің ертеңгі болашағына білім нәрінен шуақ шашқан әрбір ұстаз – біздің мақтанышымыз.
Осы ерекше күні сіздердің әрбіріңіздің шаңырақтарыңыз бен өмірлеріңізге қуаныш пен шаттық, бақыт пен табыс тілеймін!
Уважаемые коллеги, дорогие женщины!
От всего сердца поздравляю вас с Международным женским днем! Этот замечательный весенний праздник — символ красоты, мудрости и внутренней силы, которыми вы ежедневно наполняете нашу жизнь и делаете систему просвещения лучше. Ваша роль в развитии человеческого капитала страны неоценима.
Сегодня в детских садах, школах и колледжах страны трудятся более 480 тысяч женщин-педагогов. Мы гордимся каждым из вас, кто с преданностью и любовью служит делу качественного образования и воспитания подрастающего поколения.
Пусть этот день принесет вам радость, тепло и искреннюю благодарность за ваш бесценный труд! Желаю крепкого здоровья, счастья и весеннего настроения!