Қызылорда облысы: Жасыл балабақша жобасының жаңалығы
Қармақшы ауданының орталығы Жосалы кентіндегі №1 санаториялық бөбекжай – бақшасында “Жасыл балабақша” жобасына негізделген арнайы семинар ұйымдастырылды. Аудандық білім бөлімінің басшысы Абдазиева Гульзира Мажитқызы жиналғандар алдында сөйлеген сөзінде мектепке дейінгі ұйымдарда оқу-тәрбие жұмыстарының жүйелі жүргізілуіне басымдық беріп, мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту үшін жайлы және қауіпсіз білім беру қажеттілігіне тоқталды, – деп хабарлайды Қызылорда облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.
Бала тәрбиелеу үрдісінде, ең алдымен мұғалім әдепті, тәртіпті, мәдениетті болуы мен қатар осы тұрғыда педагогикалық әдеп ережелерін педагогтердің білуі және сақтауы олардың кәсіби қызметі мен еңбек тәртібі сапасын бағалау өлшем шарттарының бірі болып табылатындығы даусыз. Семинар барысында балалардың танымдық, шығармашылық дағдыларын қалыптастыру мақсатында зерттеу жұмыстары жүргізіліп, мектепке дейінгі білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздігі ұстанымдарын қамтамасыз ету мүмкіндіктері сараланды.
Загрузка...Және балалардың физикалық дамуы, баланың зияткерлік, әлеуметтік дағдыларын және тұлғасын дамыту үшін инновациялық әдістер мен технологияларды қолдану, оқыту, дамыту және тәрбиелеу міндеттерінің бірлігін қамтамасыз ету, балаларды қазақ халқының ұлттық құндылықтарына, отбасылық құндылықтар мен отаншылдыққа баулу, балаларды дамыту мен тәрбиелеу үшін отбасы мен мектепке дейінгі ұйымның күш-жігерін біріктіру мақсатындағы әдіс-тәсілдер бойынша жүргізілген жұмыстар көрсетілді.