Батыс Қазақстан облысы: Майталман мұғалімге әріптестер алғысы

Казталов ауданының Жалпақтал ауылындағы Ғинаят Молдашев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде ұзақ жылдар бойы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде абыройлы еңбек етіп келе жатқан Лейла Бәделова мерейлі жасына орай «Ұстаздың жолы — дара жол» атты өнеге сағаты ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Лейла Әдиетқызының көктемнің шуақты мерекесімен қатар келген мерейлі жасына арналған шараға аудандық білім бөлімінің басшысы Самал Джангереева, кезінде өз істерінің нағыз майталманы бола білген ардагер ұстаздар Болат Ахметов, Злиха Кереева, Сәуле Сәрсимова, Жалпақтал ауылдық аналар Кеңесінің төрайымы Гүлнәр Сапахова, мектеп түлегі, ақын, аудандық «Ауыл айнасы» газетінің тілшісі Қыдыр Харесұлы, педагог-зерттеуші, тіл жанашыры Дидар Рахимова мен Гүлмира Темірғалиева және аталмыш мектептің ұстаздары мен Лейла Әдиетқызының шәкірттері құрметті қонақ ретінде қатысып, ақжарма тілектерін жолдады.

Бұл басқосудың негізгі мақсаты — мектептегі аға буын ұстаздардың қатарына жататын қазақ тілі, әдебиеті пәнінің білікті ұстазы, мектеп мұражайының негізін қалаушы, жергілікті аналар Кеңесінің белді мүшесі, «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» және «Еңбек ардагері» төсбелгісінің иегері және білім басқармасы мен салалық министрліктің Алғыс хаттарымен марапатталған парасатты педагогтың өнегелі өмірін кейінгі буын жастарға үлгі ету болатын.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий