Ақмола облысы: Көшбасшылықты дамытуға негізделген байқау
«Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы «Көшбасшылықты дамыту: стратегиялар мен құралдар» оқушылардың өзін-өзі басқару көшбасшылары үшін білім беру республикалық интенсивтің аясында «Оқушылардың өзін – өзі басқару көшбасшысы» облыстық байқауын ұйымдастырды. Іс-шараның негізгі мақсаты: оқушылардың өзін-өзі басқару көшбасшыларының көшбасшылық және шығармашылық құзыреттерін арттыру үшін алаң құру, – деп хабарлайды Ақмола облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.
Сайыста бақ сынаған он алты үміткердің арасынан оқушыларының өзін-өзі басқару бойынша үздік көшбасшылар анықталды: Атбасар ауданы – Забалдина Анастасия; Есіл ауданы – Андрияшина Милана; Шортанды ауданы – Какимжанова Жансая; Степногорск қаласы – Бейсембай Мадина. Грамотамен марапатталғандар Жуманова Аружан, Казбекова Тахмина, Бахытбекқызы Фариза, Қанат Медина, Истлеев Адельхан, Алтанбек Айым, Балташ Асанхайырхан, Неволько Дарья, Попова Анастасия, Қарқынова Дильназ, Алдыкова Айна.
Загрузка...