Қостанай облысы: Мектептерге мұражай педагогикасы енгізілуде

Қарасу ауданының Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінде мұражай педагогикасы бағытындағы құзіреттілік орталық ашылды. Бұл бағытқа қызығушылық танытқан ұстаздар білім беру ортасының сапасын, ұжымдық атмосфераны, мектептегі оқушылар, ата-аналар мен мұғалімдердің бірлестігінің жұмыстарын атап айтты. Арнайы даму кеңістігін құрудың бастамашысы – Қаби Гауһар Арғынқазықызы, – деп хабарлайды Қостанай облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Мектеп табалдырығын аттағаннан-ақ барлық станция/аялдамаларға, мектептің безендірілуіне түсініктеме беріп, еліміздің тарихын айтуда мектеп директоры басты рөль атқарды. Іс-шараны аудандық білім бөлімінің басшысы Д.Шарипов пен облыстық әдістемелік орталықтың директоры А.Балтабаева ашып, облыстық әдістемелік орталық директорының орынбасары Т. Набатникова облыстық құзырет орталықтары қызметінің басым бағыттары мен міндеттеріне кеңінен тоқталды.

Қазақстанның тарихи даму атмосферасының қатысушылары «Театр» станциясы «пойызының жолаушылары», «Қолөнершілер» қаласы, «Әжелердің ойыншықтары», «Халық даналығы», «Мәдениеттер тоғысуы…, Жүрегіміз – алтын бесік», шағын ретро ыдыс – аяқтар мұражайы, балауыз мүсіндер мұражайы, «Қабырғадағы мұражай» аялдамасы мен шеберлік сабақтарына (актерлері – мұғалімдер мен ата-аналар) қатысты. Жиналғандар мектеп оқушылары мен мұғалімдер және ата-аналар тарапынан жасалған жұмыстардың ерекшілігіне таңданып, ризашылықтарын білдірді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий