Атырау облысы: Екі жайлы мектептің құрылысы басталады
Облыс орталығында білім беру жүйесін жетілдіру мақсатында бірқатар маңызды жоба жүзеге асырылуда. Заманауи жаңа білім ордаларының ашылуы, мектепке дейінгі ұйымдарды кеңейту, қауіпсіздік пен цифрландыру шаралары жергілікті оқушыларға сапалы білім беруге бағытталған, – деп хабарлайды Атырау облысы білім беру басқармасының баспасөз қызметі.⠀
– Биылғы оқу жылында 68 мектеп жұмыс істеп тұр. Бұл ағарту ошақтарында жетпіс алты мыңнан астам оқушы білім алуда. Өңірде білім ордаларына деген сұраныс жоғары. Осыған байланысты мектеп салу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Биыл үш жаңа мектеп ашылып, тағы үшеуінің құрылысы жүріп жатыр. Жақында пайдалануға берілген 1200 және 300 орындық оқу орындары білім сапасын арттыруға ықпал етеді. Барлық білім беру ұйымдары бейнебақылау жүйесімен қамтылған. Былтыр 35 мектептің дабыл түймелері жедел басқару орталығына қосылған еді. Алдағы уақытта алпыс алты жаяу жүргінші өткелі белгісі мен 93 жылдамдық бәсеңдеткішін орнатудың мүмкіндіктері қарастырылуда, – дейді қалалық білім бөлімінің басшысы Айнагүл Дүйсекенова.
Загрузка...Цифрландыру және интернет желісі бойынша 61 мектеп ғаламтормен қамтылған. Қала мектептерінде интернет жылдамдығы 60-100 Мбит/с, ал ауылдық мектептерде 30-50 Мбит/с деңгейінде жұмыс істеп тұр. Білім беру үдерісін жетілдіру үшін цифрландыру аса маңызды. Сондықтан мектептерді жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етіп, қашықтан оқыту мен цифрлық платформаларды дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі жүргізілуде. Және қауіпсіздік жүйелері жетілдіріліп, қосымша білім беру ұйымдарын кеңейту арқылы оқушылардың жан-жақты дамуына жағдай жасалуда.