Астана қаласы: Білім мен тәрбиені тең ұстау қажет

Былтырғы қыркүйек айының 1-і күні жаратылыстану бағыты бойынша қазақ және орыс тілдерінде оқытатын орта білім беру ұйымы ретінде жаңадан ашылған №106 жайлы мектептің (директоры – Жаманкараева Гулсан Кеншиликовна) сыйымдылығы екі мың оқушыны құрайды. Ағарту ошағының материалдық-техникалық базасы қажетті құрылғылармен жабдықталған, – деп хабарлайды Астана қаласы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Төрт қабатты ғимаратта компьютерлік сыныптар, мен бірнеше шеберхана, спорт залдары, асхана, заманауи кітапхана, STEM, робототехника, физика, химия, биология, хореография пәндері бойынша және подкаст түсіруге арналған кабинеттер, ерекше білімді қажет ететін балаларға арналған сенсорлық бөлме, мектепалды даярлық сыныптарының оқушыларына арналған ойын алаңы, ата-аналарды қолдау кабинеті, лингвистикалық кабинеттер бар.

– Жас маман ретінде тек білім берумен шектелмей, ең алдымен, оқушы жүрегине жол тауып, тәрбиенің нәримен сусындатуға барымды саламын. Себебі, әбу Насыр әл-Фараби бабамыз: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесиз берілген білім – адамзаттың қас жауы», – деген. Сондай-ақ, қазақтың кемеңгер ақыны Абай Құнанбайұлы «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға», – деп, мұғалімнің басты міндетін көрсеткен. Осы ұлағатты ойларды өмірлік кәсіби ұстанымымның темірқазығы етіп, шәкірттерімнің бойына білім мен тәрбиені қатар сіңіруге ұмтыламын, – дейді осы мектептегі жас ұстаздардың бірі бастауыш сынып мұғалімі, 2 »м» сынып жетекшісі Бержанова Ойсана Серікбайқызы.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий