Солтүстік Қазақстан облысы: Математика сабағына қажет қосымша құрал
Цифрландыру дәуірінде балалардың да инновациялық жобаларға атсалысуы таңғаларлық емес. Мағжан Жұмабаев атындағы IT мектеп-лицейінің 7-сынып оқушысы Ақұлбай Алихан геймификация элементтерін пайдалана отырып, бастауыш сынып оқушыларына арналған математикалық ойын әзірледі. Жаңа жоба бастауыш сынып оқушыларына арналған математикалық қабілеттерін дамытуда қолданып келеді, – деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.
Енді жас өрендер күрделі есептерді үйреншікті әдіспен емес, танымал мультфильм кейіпкерлері бар қызықты ойын арқылы шешеді. Бұл тәсіл оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, материалды тез әрі жеңіл қабылдауға көмектеседі. – Ойын барысында балалар өз сыныпты және математикалық амалдарды (қосу, азайту, көбейту, бөлу) таңдап, есептер шығарады. Егер жауаптары дұрыс болса, «Жарайсың!» деген мотивациялық жазу шығады. Тек дұрыс жауап бергенде ғана келесі деңгейге өтуге мүмкіндік бар, — дейді ол.
Загрузка...Жас өнертапқыш бұл жобаны бастапқыда информатика сабағында бастап, кейін математика пәніне бейімдеген. Себебі бұл ойын арқылы балалардың логикалық ойлау қабілеті мен математикалық білімі артады. Алихан мектептің қоғамдық өміріне белсенді қатысатын үздік оқушылардың бірі.