Дуалды оқыту жүйесінің кәсіптік-техникалық білім берудегі алатын орны ерекше. Жас маман кәсіби біліктілік, дағды мен іскерлік қасиеттерін тікелей жұмыс орнында меңгеріп, тәжірибе алмасып, жан-жақты дами алады
Жұмабек Нұрасыл – Кентау политехникалық колледжінің 2 курс студенті. Ол қазір дуалды оқыту жүйесі бойынша еңбек етіп, білім мен тәжірибені ұштастырып жүр.
«Білімімді өндіріспен шыңдап, айына шәкіртақыммен қоса еңбекақы да аламын» – дейді ол.
Бүгінде Кентау политехникалық колледжі барлық мамандықтар бойынша дуалды оқыту жүйесін енгізген. Өңірдегі трансформатор зауытының заманауи материалдық-техникалық базасында колледждің 800-ден астам студенті білім ала жүріп, өндірістік тәжірибеден өтеді. Оның 50-ге жуығы тұрақты жалақымен қамтамасыз етілген.
Студенттер дуалды оқыту аясында кәсіпорында 6 айдан 18 айға дейін тәжірибеден өтеді. Және бұл мерзім студенттерге еңбек өтіліне есептеледі. Бұл колледж түлектеріне жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Загрузка...