Edufair 2025 халықаралық білім беру көрмесі ұйымдастырылды

Алматы мен Астанада наурыз айының 15-16 күндері Edufair 2025 халықаралық білім беру көрмесі өтті – бұл Қазақстандағы халықаралық білім беру саласындағы ең ірі оқиға! Көрме аясында сегіз жүзден астам студенттер мен талапкерлер Канаданың, Еуропаның және басқа елдердің жетекші университеттерінің өкілдерімен кездесіп, қабылдау мүмкіндіктері, студенттік өмір және алмасу бағдарламалары туралы біле алды.

Ұйымдастырушылар: «The Ulytau Educational Foundation» Қайырымдылық қоры» Қоғамдық қоры, «Intellect» кеңес-білім беру агенттігі. Негізгі қатысушылар: Canadian International School – Astana; Campus France Kazakhstan / Alliance Française Astana; Fanshawe College Of Applied Arts and Technology; Georgian College; Migration Section of the Embassy of Canada to Poland; Kwantlen Polytechnic University; Navitas Canada; Ontario Tech University; Slovak University of Technology from Bratislava; Thompson Rivers University; Center for International Programs; Kazakhstan Association of Educational Agents және AIESEC in Astana.

Өзекті тақырыптар мен мазмұнды іскерлік бағдарлама. Көрме аясында эксклюзивті тұсаукесерлер өтті, онда қатысушылар шетелге түсу және оқу бойынша сараптамалық ұсыныстар ала алды: «Болашақ» бағдарламасы – шәкіртақы байқауына қатысу шарттары. Канададағы білім: магистратура және кәсіби бағдарламалар – Ontario Tech University. Canadian International School Astana – мансаптық перспективалар және мектепке түсу.

Канадаға оқу визасына қалай өтініш беруге болады? – IRCC және Канаданың Польшадағы Елшілігінің көші-қон бөлімінің спикерлері. CIS Astana жазғы бағдарламалары – студенттерге арналған мүмкіндіктер. АҚШ-тағы білім – The Ulytau Educational Foundation сарапшылары.

Ең жақсы мектеп пен университетті қалай таңдауға болады? – панельдік пікірталас. Қазақстан халықаралық білімді таңдайды! EDUFair 2025 қазақстандық студенттердің шетелдік оқуға деген жоғары қызығушылығын көрсетті. Көрме қонақтары кеңестер, жаңа білім беру мүмкіндіктері мен пайдалы байланыстар алды. Ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға алғыс білдіреді және келесі EDUFair-Fall 2025 дайындап жатыр! аңалықтарды және жаңа мүмкіндіктерді жіберіп алмаңыз!

Ұйымдастырушылардың баспасөз қызметі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий