IV Халықаралық Фараби форумы аясындағы Республикалық байқау мәресіне жетті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультеті дәстүрлі IV Халықаралық Фараби форумы аясында 8-11 сынып оқушылары мен колледж студенттерінің арасында 5-28 наурыз, 2025 жылы ұйымдастырған Әбу Насыр әл-Фараби мұрасы бойынша «Ең үздік ғылыми жоба» республикалық байқауы мәресіне жетті.

Байқауға мектеп оқушылары мен колледж студенттерінің  Әл-Фараби философиясындағы адамгершілік пен этика мәселелері, Әл-Фараби еңбектеріндегі логика және оның қазіргі білім саласында қолданылуы  тақырыптарында ғылыми жобалар келіп түсті.  Бірінші орын Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылы Қ. Әбсәметов атындағы орта мектептің 9 сынып оқушысы Молдабекова Ажардың «Әл-Фарабидің гуманистік идеяларының қазақ мәдениетіндегі көрінісі» тақырыбындағы ғылыми жобасына берілді. 

Ғылыми жетекшісі –  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Молдажанова Назым Қанайбекқызы. Екінші орынды үш оқушы алды. Олар: Алматы қаласы №151 жалпы білім беретін мектептің 8-сынып оқушысы Қошқарбаев Еркебұлан, ғылыми жобасының тақырыбы: «Әл-Фараби мұрасының қазақ мәдениеті мен өнеріне ықпалы», жетекшісі: Есембек Эльмира Тұрсынқалиқызы. Екінші  оқушы Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылы Қ. Әбсәметов атындағы орта мектеп 11-сынып оқушысы – Толыбай Аяулым, тақырыбы: «Әл-Фараби философиясындағы адамгершілік пен этика мәселелері»,  ғылымы жетекші: Нурекеева Роза Абыллаевна. Үшінші: Талғат Аружан, Алматы қаласы Медеу ауданы №7 жалпы білім беретін мектептің 8 «Б» сынып оқушысы, тақырыбы: «Әл-Фараби философиясындағы логика», ғылымы жетекші: Мұхаметжан Сәуле Ахметжанқызы. Үшінші орынды Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжінің  1 курс студенттері Рахмет Мағжан, жетекшісі: Таджикулова Рауза Абдикеримқызы, Мотан Жаннұр Нұрланұлы, жетекшісі: Абирова Шынар Абдиваисовна, Алматы автомеханика  колледжінің  2 курс студенті  Халыков Әли, жетекшісі: Жалелова Айжан Жалеловна иеленді.

Жоба жеңімпаздарын Дінтану және мәдениеттану кафедрасы меңгерушісінің орынбасары, филология ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор Балтымова Мира Рашидқызы мен аталған кафедраның аға оқытушысы Мәрия Жұмақожақызы марапаттады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий