Шымкент қаласы: Данил Асмоловский – халықаралық турнирдің жеңімпазы!

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы мен Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 36 жыл толуына орай Алматы қаласында ұйымдастырылған Taekwon-do ITFU Almaty Open 2025 халықаралық турнирінде ерекше шеберлік танытып, өзгелерден оқ бойы озып шығып, І орынды иеленген Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектептің 4 «Г» сынып оқушысы Данилді шын жүректен құттықтаймыз!
Данил – тек өз мектебінің ғана емес, бүкіл Шымкент қаласының абыройын асқақтатып, халықаралық деңгейде еліміздің намысын лайықты қорғаған жас чемпион. Бұл жеңіс – табандылықтың, тәртіптің және күнделікті қажырлы жаттығудың жемісі. Спорт шеберлігіне үміткер атанған Данилдің бұл жетістігі – мектеп ұжымы, ұстаздар мен ата-аналардың өзара үйлесімді еңбегінің нәтижесі.
Оның табысы – өскелең ұрпақ үшін үлгі, отансүйгіштік пен қажыр-қайраттың көрінісі. Данилге зор сенім артамыз! Көк байрағымызды биікте желбіретіп, болашақта да халықаралық ареналарда табысты өнер көрсететініне сенімдіміз. Жеңісің құтты болсын, чемпион!
 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий