Ақтөбе облысы: Еңбек ері, Байменова Кұралай Базарбайқызы 70 жаста

Қазақстанның Еңбек Ері, қоғам қайраткері Кұралай Базарбайқызының есімі облыс шеңберінен тыс жерлерде де кеңінен танымал. Қала мен адамдардың мәселелеріне бейжай қарамайтындығы, өмірлік ұстанымы туған жеріне деген терең сүйіспеншіліктің жарқын үлгісіне айналды.
Ақтөбе қаласындағы сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығының төрайымын Білім басқармасының басшысы арнайы құттықтады. Өз құттықтау сөзінде Бұлбұл Бисембайқызы Кұралай Байменованы шексіз ерлік пен қайсарлықтың, өз ісіне адалдықтың айқын үлгісі екенін атап өтті.
– Сіз өзіңізді адамдарға көмектесуге, олардың жүрегіне сенім, үміт және жігер ұялатуға арнадыңыз. Сіздің еңбегіңіз, қолдауыңыз бен жанашырлығыңыз көпшілікті шабыттандырып, үлкен құрметке лайық, – деді білім басқармасының басшысы.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий