Қостанай облысы: Бес мектеп “ASTRO SPACE SCHOOL” республикалық астрономиялық турнирдің жүлдегері

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы  7-12 сынып оқушыларына арналған «ASTRO SPACE SCHOOL» оқушылардың республикалық астрономиялық турнирін өткізді.
«ASTRO SPACE SCHOOL» оқушылардың республикалық астрономиялық турнирі – орта және жоғары сынып оқушыларының күрделі зерттеу және ғылыми мәселелерді шешу, өз шешімдерін сенімді түрде ұсыну, оларды ғылыми талқылауларда – «шайқас» кезеңдерінде қорғау қабілеттерін тексеретін жеке-командалық жарыс. Олимпиадаға республикалық білім беру мекемелерінен 112 оқушы қатысты.
Біздің облысымыздан 5 мектеп қатысып, мынадай жетістіктерге қол жеткізді: І орын – Қостанай қаласының С.Мәуленов атындағы гимназиясы; ІІ орын – Қостанай қаласының М. Қозыбаев атындағы №23 жалпы білім беретін мектебі; ІІІ орын – Қостанай қаласының №11 жалпы білім беретін мектебі, Қостанай қаласының А.М.Горький атындағы гимназиясы, Рудный қаласының Б. Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясы. Барлық 5 қатысушы мектеп жүлделі орындарға ие болды. Барлық жүлдегерлерді құттықтаймыз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий