ҚҰҚЫҚТЫҚ СЕМИНАР: «ЖАСТАР АРАСЫНДА ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ»

2025 жылғы 8 сәуір күні Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен «Жастар арасында құқықтық жауапкершілікті қалыптастыру» тақырыбында құқықтық семинар өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, заң алдындағы жауапкершілікті түсіндіру және құқықтық мәдениетті нығайту болды.

Семинар барысында қозғалған тақырыптар:

– Құқықтық жауапкершіліктің түрлері мен құрылымы; 

– Қоғамдағы құқық пен тәртіпті сақтау жолдары; 

– Азаматтың құқықтары мен міндеттері – үйлесімді өмірдің негізі; 

– Құқықбұзушылықтың салдары мен сот тәжірибесінен нақты мысалдар.

Семинар интерактивті форматта өтті: қатысушылар сұрақтар қойып, пікір білдіріп, нақты кейстерді талдауға белсене қатысты. Презентациялар мен визуалды материалдар тақырыпты жеңіл әрі әсерлі жеткізуге көмектесті. Іс-шара студенттердің құқықтық ойлау қабілетін дамытып, заңға деген құрметін арттырды.

Семинар барысында белсенділік танытқан, құқықтық мәселелерге өз көзқарасын білдірген студенттер алғыс хаттармен марапатталып, олардың жоғары азаматтық ұстанымы ерекше атап өтілді. Бұл марапаттар олардың оқу үрдісіндегі белсенділігін, құқықтық білімге деген қызығушылығын көрсетті.

Семинар қатысушылары құқықтық жауапкершіліктің қоғамдағы орны мен маңызын терең түсініп, болашақта заң талаптарын сақтап, құқықтық мемлекет қалыптастыру жолында өз үлестерін қосуға дайын екендіктерін білдірді.

Қазақстан халқы Ассамблеясы, Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының бастамасымен өткен бұл семинар – жастардың құқықтық санасын нығайтудың жарқын үлгісі болды.

Семинардың жауапты ұйымдастырушылары:

– Мусаева Ж.Т. – Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі.

– Жуматова Г.М. – Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі.

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий