Бостандық ауданының білім беру ұйымдары басшыларының хоры

Осы жылы Алматы қаласының Бостандық ауданында балабақша мен мектеп басшыларынан құралған ерекше хор құрылды. Бұл шығармашыл ұжымның басты мақсаты – музыка арқылы патриоттық сезімді, тарихқа құрметті және бейбіт өмірге деген ұмтылысты қалыптастыру.

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар және қалалық челлендж аясында хор мүшелері Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне, Шәмші Қалдаяқовтың әніне жазылған “Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген” атты әсерлі әнді орындады.

Бұл ән жай ғана музыкалық шығарма емес, соғыс атаулыға қарсылық білдіретін шынайы үндеуге айналды. Әннің сөздері мен әуезі арқылы хор мүшелері Жеңіс әкелген ұрпаққа деген алғысын білдіріп, бейбіт болашаққа деген үмітін жеткізді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий