2025 жылдың 18 сәуірінде Алматы қаласы, Медеу ауданы №29 мектептің ұйымдастыруымен «Академиялық адалдық – білім сапасын қамтамасыз ету факторы» атты қалалық семинар өтті
Іс-шара Алматы қаласы Білім басқармасының және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қалалық департаменті басшыларының бастамасымен әзірленген Кешенді жоспар аясында ұйымдастырылды.
Аталған семинар Сапарғали Бегалин атындағы Орталық қалалық кітапханада өтті. Шараға Алматы қаласының бастауыш сынып мұғалімдері, сондай-ақ қазақ тілі мен әдебиеті және орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері қатысты.
Семинар «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының «Заң және тәртіп» идеологиялық бағыты аясында жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстың жүйелі жалғасы болды. Мақсаты – «Озық ойлы ұлтты» — жауапты, жоғары адамгершілігі бар, дамыған ұлтты қалыптастыруға ықпал ету.
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясындағы іс-шаралар әр баланың жеке ерекшелігін ескере отырып, оның шығармашылық, зияткерлік және физикалық қабілеттерін толық ашуға бағытталған. Бұл оқушылардың дамуына оң әсер беретіні анық», – деген ойын Медеу ауданы Білім бөлімінің басшысы Ақнұр Нұрғалиева білдірді .
Семинар аясында 9–10 сынып оқушылары академиялық адалдық тақырыбында дөңгелек үстел өткізіп, қазақ тілінде еркін пікір алмаса отырып, «Жеті жарғы» атты көне құқықтық нормалар жинағының маңызын талқылады. Сонымен қатар «Адалдық – даналық кітабының бірінші тарауы» тақырыбында өткен орыс тілі, қазақ және орыс әдебиеті пәндеріндегі көркем талдауға негізделген сабақ қатысушылардың ерекше назарын аудартты.
Оқушылар әдеби шығармалардан үзінділерді көркем оқып, өз білімдері мен шығармашылық қабілеттерін сахналық көріністер арқылы көрсетті. Семинар аясында « Ертегілер сюжеттерінің академиялық адалдықты қалыптастырудағы маңызы» тақырыбында шеберлік сабағы және «Лексикаға сот» атты сыныптан тыс іс-шара ұйымдастырылды.
«Жас ұрпақты тәрбиелеуде мектеп маңызды орын алады Оқу үдерісінде қосымша білім беру формалары оқушылардың білімді жан-жақты әрі терең меңгеруіне мүмкіндік береді.», – деп пікір білдірді №29 мектеп директоры Әлия Аблашова.
Семинар қонақтарының ерекше қызығушылығын тудырған «Ақиқат пен адалдық палитрасы» атты көрме. Балалардың өздері оқыған кітаптары негізінде жасаған шығармашылық жұмыстары ұсынылды. Олар тек суреттерін көрсетіп қана қоймай, туындыларындағы мағынаны ашуға тырысып, адалдық, әділеттілік және ішкі еркіндік сынды құндылықтарға назар аударды. Әдеби кейіпкерлер бейнесі арқылы оқушылар өмірдің кез келген сәтінде адал болудың маңызын атап өтті.
Театр үйірмесі көрермендерді Гарри Поттер кітаптарындағы көріністерге негізделген жаңа қойылыммен қуантты. Жас актерлер сүйікті кейіпкерлерді шебер сомдап, сиқырлы әлемнің атмосферасын жеткізе білді. Қойылым барысында адалдық, әділдік, достық пен жеке таңдау мәселелері ашық көрсетілді. Балалардың ойыны шынайылығы және тереңдігімен ерекшеленді, ал сахналық көріністер эмоцияға толы әрі ойластырылған режиссурамен өтті. Бұл қойылым көркем шығармашылықтың оқушылардың адамгершілік бағдарларын қалыптастырудағы маңызын айқын көрсетті.
Іс-шараның қорытынды бөлігінде мектеп оқушылар хоры Жеңістің 80 жылдығына, ата-бабалар ерлігіне тағзым ретінде ән айтып, семинар қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлады.
Загрузка...