Абай облысы: Ауылдық мектепке қолдау күшейеді

Өңір басшысы Берік Уәли Аягөз ауданына жұмыс сапары барысында Баршатас ауылындағы Оспанқұл Меңаяқұлы атындағы орта мектебіне барып, оқу орнының жәй-күйімен танысты. Бұл білім ордасының тарихы 1923 жылдан басталады. Ағарту оағының қазіргі ғимараты 1981 жылы салынған. Бес жыл бұрын осы ескі нысанға күрделі жөндеу жүргізілген еді, – деп хабарлайды Абай облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Мектеп бес жүз орынға шақталған. Қазір 170-ке жуық оқушы білім алып жатыр. Алпыс алты қызметкер, оның ішінде педагогтар мен техникалық мамандар еңбек етеді. Білім ордасы Алматыдағы Қазақ ұлттық университетімен әріптестікте жұмыс істейді. Бұл – ауыл мектебі үшін үлкен мүмкіндік әрі кәсіби байланыстардың нығаюына жол ашады. Мұндағы бір мәселе – кейбір пән мұғалімдерінің жетіспеушілігі.

Аймақ басшысы мектептің оқу кабинеттерін аралап, музейдің және кітапхананың жұмысымен танысты. Мектеп басшылығына білім ордасына қажет мамандарды жоғары оқу орындарымен байланыс орната отырып шешу қажеттігін айтты. – Мектептің материалдық-техникалық базасы жақсы. Оқушылардың алаңсыз білім алуына толық жағдай жасалған. Осы бағыттағы жұмысты жалғастыру керек. – деді облыс әкімі.

Оспанқұл Меңаяқұлы (1856 – 1907ж.ж) Семей  облысы, Шұбартау  ауданы, Жорға ауылының Бесбұлақ баурайында туған. Керей – төлеңгіт елінде бірнеше рет болыс болып сайланып, ел басқаруға қатысқан.  Халыққа қылдай  қиянат  жасамаған. Керісінше жұрттың талап тілегін ұлыққа  кіріп  орындатып  шығады  екен. Билігі бар кезінде көпшілікті пайдалы кәсіпке баулып, адамның еңбегіне қарай жағдай жасайтын ұтымды ұйымдастырушы ретінде танылған.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий