Шымкент қаласы: Елу жоғары оқу орны шақыртқан
Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназияның 11-сынып оқушысы Нұрым Серік АҚШ, Испания, Түркия, Дубай, Германия, Ұлыбритания, Гонконг және Болгария елдерінің беделді жоғары оқу орындарынан ресми шақырту алды. Университеттер қатарында: Whitworth University, Caldwell University, Mitchell College (АҚШ); American University in Bulgaria (Болгария); Polytechnic University Hong Kong (Гонконг); Saint Louis University (Испания); Kadir Has University (Түркия); Middlesex University, Murdoch University (БАӘ); Teesside University, University of East London, Aberystwyth University (Ұлыбритания); Constructor University (Германия) және тағы да басқалары бар, – деп хабарлайды Шымкент қаласы білім басқармасының баспасөз қызметі.
– Болашақ мамандықты таңдаудағы басты ұстанымым – заман талабына сай, үздіксіз даму мен жаңашылдықты қажет ететін салаға бет бұру болды. Сол себепті мен ақпараттық технологиялар бағытын таңдадым. Бұл тек қана технология саласы емес – бұл болашақты қалыптастыратын қуатты күш. Бүгінде ақпараттық технологиялар – медицинадан бастап білім беру, экономика мен өнерге дейінгі барлық саланың өзегіне айналды. Осындай ауқымды өзгерістердің бір бөлшегі болу мен үшін үлкен шабыт пен жауапкершілік, – дейді биылғы жас түлек.
Загрузка...