Ақмола облысы: Степногорск колледжінде бірден екі құзыреттілік орталығы ашылды
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Степногорск қаласының жоғары колледжі базасында «Зертханалық және химиялық талдау» және «Көрнекі сауда және витринистика» құзыреттер бойынша орталықтарының салтанатты ашылуы өтті. Бұл маңызды оқиға жастар арасында жұмысшы мамандықтарын дәріптеу жолындағы маңызды қадам және техникалық және кәсіптік білім беру мүмкіндіктерін көрсету болды, – деп хабарлайды Ақмола облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.
Алаңның ашылу салтанатына Степногорск қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары – Жаңасылу Сабырұлы және «Talap» КЕАҚ WorldSkills қозғалысын дамыту басқармасының бас менеджері Атыргүл Алғатайқызы қатысты. – Бұл бағыттар ғылымның дәлдігі мен бейнелеу өнерінің шығармашылығын білдіреді. Олар жастарға сұранысқа ие және перспективалы кәсіптерде өз әлеуетін ашуға бірегей мүмкіндік береді, – деп атап өтті Атыргүл Алтайқызы.
Загрузка...– Әрбір шеберлік демонстрациясы, әрбір орындалған тапсырма жоғары жетістіктер мен табысты мансапқа қадам болсын, – деп қосты «Talap» КЕАҚ бас менеджері. Атап айтсақ, бүгінгі таңда құзыреттілік орталықтары болашақтың дағдылары туатын, кәсіби бірегейлік қалыптасатын және өз күштеріне деген сенімділік нығаятын мүмкіндіктердің нақты кеңістігіне айналды.