Ақмола облысы: Мектеп оқушылары шет елдің грантын ұтып алды

Шортанды ауылының №3 жалпы орта білім беретін мектебінің 8 сынып оқушылары — Тулеген Ә., Аманбек Н., Зорький Д. — халықаралық Ciena Solutions Challenge байқауынан 750 АҚШ доллары көлеміндегі грант ұтып алды, – деп хабарлайды Ақмола облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.


Оқушылардың «Болашақты қайта жазамыз: Мектепте және қоғамда қағаз шығынын азайту» атты жобасы қоршаған ортаны қорғауға бағытталған. Жетекшісі — ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Батыргалиева Гүлім Токатқызы. Ciena Solutions Challenge — бұл Ciena және Digital Promise ұйымдары ұйымдастырған жаһандық байқау.

Ол оқушыларды нақты проблемаларға шешім іздеуге және БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған жобалар әзірлеуге ынталандырады. Байқау Challenge Based Learning әдісіне негізделген, яғни оқушылар өз қауымдастықтарындағы өзекті мәселелерді зерттеп, нақты шешімдерді жүзеге асырады.
Жоба туралы толығырақ: https://www.cienachallenge.org/en/ custom/projects/view/26457

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий