Алматы қаласы: Polytech Information Olympiad – 2025

Салалық құрылымның медиа-жоспары және «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында ұйымдастырылған «Polytech Information Olympiad–2025» қалалық олимпиаданың басты мақсаты талантты жастарды қолдаумен қатар студенттердің IT саласындағы құзыреттерін, логикалық ойлауын және шығармашылық қабілеттерін дамытуды көздейді, – деп хабарлайды Алматы қаласы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Олимпиада қатысушыларға өз білімдерін нақты кәсіби сайыс жағдайында қолдануға, сондай-ақ жаңа тәжірибе мен өз күшіне деген сенімділік алуға мүмкіндік берді. Бұл іс-шаралар — бұл цифрлық экономиканың болашағына салынған инвестиция және жаңа буындағы сұранысқа ие мамандарды даярлаудың бір бөлігі. Мемлекеттік және орыс тілінде өткізілген олимпиада үш кезеңді құрады. Moodle платформасында онлайн тестілеу; Python бағдарламалау тілінде есептер шығару; HTML/CSS көмегімен «Мен — болашақ IT маманымын» тақырыбында веб-парақша әзірлеу.

Қазақ тілінде білім алушы студенттер арасындағы бірінші орын Алматы технологиялық колледжінің намысын қорғаған Собитұлы Бексұлтанға бұйырса, орыс тілінде білім алушы студенттер арасындағы алдыңы қатардан Алекссеев Ярослав (Almaty Polytechnic College) көрінді.  

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий