Шымкент қаласы: халықаралық білімге қадам
Шымкент қаласындағы “Білім-инновация” ер балаларға арналған №1 лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Абай Ерғали халықаралық деңгейде үлкен жетістікке жетіп, әлемнің 6 беделді жоғары оқу орнынан ресми шақырту алды. Оның қатарында АҚШ, Гонконг және Дубайдың жетекші университеттері бар.

Атап айтқанда, Абай білім алуға шақырту алған оқу орындары: Drexel University ($142,800 – A. J. Drexel Scholarship), Albion College ($184,000 – Scholarship), Ithaca College ($124,000 – Scholarship), Hong Kong University of Science and Technology (HKUST), City University of Hong Kong (толық оқу ақысы гранты) және Wollongong University (Дубай).
Абайға ұсынылған жалпы стипендия көлемі 450 000 АҚШ долларына жуық. Бұл жетістік — білімге деген талпыныс пен тынымсыз еңбектің нәтижесі. Абайдың арманы — болашақта Қазақстанның дамуына үлес қосатын жоғары білікті маман болу.