Жамбыл облысы: “Мамандық таңдау – болашаққа нық қадам” тақырыбындағы ашық есік күндері
Жамбыл облысы білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы «Аспара» мәнерлік өнер және бизнес колледжімен бірлесіп, кәсіптік бағдар беру жұмыстарын үйлестіру аясында білім беру ұйымдарының 11-сынып оқушыларына арналған сұранысқа ие және заманауи мамандықтар туралы ақпараттар беру мақсатында «Мамандық таңдау – болашаққа нық қадам» атты ашық есік күндерін өткізді.
Іс-шара барысында білім беру бағдарламасы, «Киім дизайны», «Шаштараз», «Тігін өндірісі және киім үлгілеу» мамандықтары бойынша білім гранты мен шәкіртақы, оқуға түсу ережесі, жатақханамен қамтамасыз ету туралы ақпараттық-әдістемелік түсіндіру жүргізілді.
Загрузка...