Атырау облысы: Мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеленушілердің жергілікті чемпионаты
Атырау облысы білім беру басқармасының Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен мектепке дейінгі ұйымдағы тәрбиеленушілердің арасында «BаbySkills Atyrau – 2025» чемпионаты ұйымдастырылды. Облыстық чемпионатқа мектепке дейінгі ұйымдардан елу тәрбиеленуші, тәрбиеленушілерді дайындаған 50 педагог және жиырма сарапшы, колледждердің оқытушылары мен он бас сарапшы қатысты.

«BаbySkills» чемпионатының бағдары: балаға мамандықтар туралы бастапқы және әр түрлі идеялар беру; баланың еңбекке және кәсіби әлемге эмоционалды-оң көзқарасын қалыптастыру; қол жетімді қызмет түрлерінде өз күштерін пайдалануға мүмкіндік беру; Чемпионаттың мақсаты ерте кәсіби сынамалардың тұрақты жұмыс істейтін полигонын құру және «BаbySkills Atyrau-2025» өңірлік чемпионатын өткізу, бұл әрбір мектепке дейінгі жастағы балаларына кәсіби мамандардан білім алып, отандық және халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, замануи кәсіби құзыреттер туралы толық түсінік алуға мүмкіндік береді.
– Чемпионат мектеп жасына дейінгі балаларының әртүрлі кәсіптер мен қызмет салаларындағы бастапқы дағдыларды игеруін, ерте кәсіптік бағдарлау сынамаларының полигонын құруды көздейді, – деді білім беру басқармасының бас маманы Гүлсім Гильманова. Чемпионат екі локация бойынша ұйымдастырылған болатын.
