Павлодар облысы: Серіктестіктің тиімді жолдары зерделенді

Баянауыл ауданындағы З.Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектебінде «Оқуға құштар орта: ынтымақтастық, құзыреттілік және зияткерлік даму» тақырыбында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына, мектеп тәлімгерлеріне, мектеп кітапханашыларына облыстық конференция ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Павлодар облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Бұл басқосуға «Қала-ауылға» инновациялық жобасын іске асыру бойынша Павлодар облысындағы «Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернаты» мемлекеттік мекемесінің  тарих пәнінің мұғалімі, магистр, дебат клубының жетекшісі Жарылғап Кәрімжан, кітапханашы Дана Қайырова, гимназия-интернатының жас мамандары ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Айдана Қайрат пен информатика пәнінің мұғалімі Аружан Айкен қатысып, өзара тәжірибе алмасу алаңдарын құрды.

Жарылғап Төлепбергенұлының «Оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыруда дебаттар, кездесулер ұйымдастырудың тиімді жолдары» тақырыбындағы дебат сайысына директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен тәлімгерлер қатысты. Дана Қуанқызы ауданымыздағы мектеп кітапханашыларына «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында оқушылармен бірлескен квест ойынын ұйымдастырудың түрлеріне тоқталды.

Гимназия-интернатының жас мамандары Айдана Қайратқызы мен Аружан Мақсатқызы жас мамандарға «Өзара әрекеттестік және қолдау жобасына қатысушы мектептермен Brain Rain” интеллектуалдық сайысын ұйымдастырды. Қатысушылар туындаған әр сұрақтарына тұщымды жауаптарын ала білді. Конференция соңында кері байланыс жасалды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий