Қарағанды білім кәсіподағы: Техникалық және кәсіптік білім беру қызметкерлері арасында облыстық спартакиада өтті
Қарағанды облыстық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподақ ұйымы спорт арқылы ұжымдардың денсаулығын нығайту және бірігу дәстүрін жалғастыруда. Сәуір айының 24-25 күндері аралығында «Bolashaq» колледжі, «Көлік-технологиялық колледжі», «№81 ЖББМ», «Қарағанды машина жасау колледжі» Қарағанды облысының колледж оқытушылары арасында спартакиада алаңына айналды.
Бұл іс-шара жиырма үш білім ұйымының педагог-спортшыларын ғана емес, олардың кәсіби дағдылары мен спорттық толқуларын біріктірді. Іс-шараны Қарағанды облысының білім басқармасы, «Сарыарқа дарыны» АҒПО бірлесіп «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Қарағанды облыстық ұйымы» қоғамдық ұйымы ұйымдастырды. Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағының 100 жылдығына арналған спартакиадаға жиырма үш команда, толық ынта-ықыласы мен жеңіске жету мақсатында, ең үздік бес спорт түрлері — тоғызқұмалақ, волейбол, баскетбол, үстел теннисі, футзал түрлерінен бақтарын сынады.
Қонақтар ретінде ҚР Федерациясы Заң клиникасы филиалының басшысы Шардарбекова Света Мұхамедиқызы, “Сарыарқа дарыны” ҰҒО директорының орынбасары Какетаев Асхат Қаржауұлы, “Білімді ел” республикалық газетінің бас редакторы Түркістанова Ләззат, Қарағанды облысы Білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім бөлімінің бас маманы Алданыш Кенже Алданышқызы, кәсіптік техникалық білім беру ардагері Мағзиев Жұмағали Диярович, спорт шебері, екі дүркін Еуропа чемпионы Балтабай Думан Қуандықұлы, жоғары политехникалық колледж директоры Рахимова Жанар Зекенқызы.
Жарыс достық бәсеке мен спорттық жайлы атмосферада өтті. Қатысушылар бір-бірін қолдай отырып, логиканы, ептілікті, дәлдікті, жылдамдықты ғана емес, командалық рухты да көрсетті. Жүлделі орындар үшін күрес шиеленісті және қызықты болды. Колледж педагогтары жеңісті финалға ұмтылуда ең жоғары дайындық деңгейін көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Қарқынды және қызықты жарыстардан кейін жалпы командалық есептегі орындар сарапқа салынды. Абсолютті жеңімпаз команда ретінде А.Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлы-техникалық колледжі анықталды. Олар керемет нәтижелер көрсетті, олардың күш-жігері мен командалық жұмысы лайықты табыс әкелді.
Күміс жүлдені – Қарағанды жоғары политехникалық колледжі иеленді. Олардың шеберлігі мен адалдығы оларға қиын күресте екінші орын алуға мүмкіндік берді. Қола медаль – Теміртау жоғары политехникалық колледжіне бұйырды. Олар құрметті тұғырға лайықты көтеріліп, тұрақты ойын мен командалық рухты көрсетті. Жалпы командалық есепте жеңімпаздар мен жүлдегерлер білім, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіподағының облыстық ұйымының кубоктарымен, I, II, III дәрежелі дипломдарымен және медальдарымен марапатталды.
Тоғызқұмалақтан бірінші орынға А.Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлы – техникалық колледжі, екінші орынға Қарағанды жоғары политехникалық колледжі, үшінші орынға Теміртау жоғары политехникалық колледжі ие болды. Ерлер баскетболынан бірінші орынға Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі, екінші орынға Қарағанды машина жасау колледжі, үшінші орынға Нұра көпсалалы колледжі ие болды. Әйелдер баскетболынан бірінші орынға А.Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлы-техникалық колледжі, екінші орынға Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі, үшінші орынға Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжі ие болды.
Үстел теннисінен бірінші орынға шыққан Қарағанды тау-кен колледжі басқаларға қарағанда мықтылығын көрсетті, екінші орынға Қарағанды машина жасау колледжі, үшінші орынға Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі ие болды. Ерлер волейболынан әдемі және жарқын ойын көрсеткен командалар: бірінші орынға Қарағанды жоғары политехникалық колледжі, екінші орынға А.Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлы-техникалық колледжі, үшінші орын Қарағанды көлік-технологиялық колледжіне бұйырды.
Әйелдер арасындағы волейболдан бірінші орынға Қарағанды индустриалды-технологиялық колледжі, екінші орынға А.Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлы-техникалық колледжі, үшінші орынды Қарағанды жоғары политехникалық колледжі алды. Шағын футбол бойынша бірінші орынды Қарағанды жоғары «Болашақ» колледжі, екінші орынды Қарағанды жоғары политехникалық колледжі, үшінші орынды Қарағанды техника-құрылыс колледжі иеленді.
Қатысушылардың белсенділігі, сондай — ақ облыстық спартакиаданың жеңімпаздарымен жүлдегерлерінің жетістігі – командалық рух пен жеңіске деген ұмтылыстың нәтижесі. Бұл іс-шараны өткізудің жоғары деңгейін қамтамасыз еткен және спорттық толқуды қолдаған жарыстарды ұйымдастырушылардың да еңбегі.
Қарағанды оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіподағының облыстық ұйымының төрағасы Алмагүл Айтқазықызы Ракишева атап өткендей, спорт – бұл стрессті жеңілдетудің, күнделікті уайымнан алшақтатудың және сергектік пен қуат алудың тамаша тәсілі. Сонымен қатар, спорттық іс-шараларға қатысу командалық рухты нығайтуға, ұжымның ұйымшылдық сезімін қалыптастыруға ықпал етеді.
Мұндай іс-шаралар денсаулықты нығайтуға, ұжымдарды біріктіруге және Қарағанды облысы колледждерінің білім беру қызметкерлерінің уәждемесін арттыруға бағытталған. Жарысқа қатысушылар мен жанкүйерлер сергектік пен тамаша көңіл-күйге бөленді. Облыстық спартакиада спорттық шайқастарға арналған алаңға ғана емес, оқытушылар арасындағы қарым-қатынас пен тәжірибе алмасуға арналған орынға айналды. Облыстық спартакиаданың жеңімпаздары алдағы маусым айының 2-7 күндері Алматы қаласында өтетін техникалық және кәсіптік білім беру қызметкерлері арасындағы республикалық спартакиада қатысатын болады.
Алмагуль Айтказыевна РАКИШЕВА,
“Қазақстандық салалық оқу-ағарту,
ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің
кәсіптік одағының Қарағанды облыстық ұйымы”
ҚБ төрағасы, Қарағанды қаласы