Төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктер

Ботакоз Абиловна СЕЙТИМБЕТОВА
Таңшолпан Бақытқызы АЛХОЖА

Өсімдіктер (лат. Plantae) — тірі организмдер дүниесіндегі негізгі екі топтың бірі (біріншісі – жануарлар). Құрлықтың барлық жерінде өседі, суда кездесетін түрлері де бар. Өсімдіктердің төрт жүз мыңға жуық түрі бар. Өсімдіктер тұқымтобының ең үлкені – гүлдейтін немесе жабық тұқымды өсімдіктер. Олардың 250 000-нан астам түрі бар. Өсімдіктер күн сәулесінің көмегімен (фотосинтез) өз қорегін табады. Саңырауқұлақтар бұрын өсімдіктер қатарына жатқызылатын, алайда өз қорегін өндірмейтін болғандықтан, қазір олар жеке класқа жіктелген. Олардың бір жүз мыңға жуық түрі бар.

Жиырмасыншы ғасырдың ортасына дейін өсімдіктерді төменгі сатыдағы (бактерияларбалдырлар, кілегейлілер, саңырауқұлақтар, қыналар) және жоғары сатыдағы өсімдіктер (ринийлер, мүктәрізділер, псилофиттер, плаун тәрізділер, қырықбуындар, қырыққұлақ тәрізділерашық тұқымдылар және гүлді өсімдіктер не жабық тұқымдылар) деп бөлді. Төменгі сатыдағы өсімдіктердің мүшелері болмайды. Олар сулы ортада тіршілік етуге бейімделген.

Жоғары сатыдағы өсімдіктердің мүшелері толық жетіледі. Олардың тамыры, сабағы, жапырағы, гүлі мен жемісі болады. Мысалы, қарағай, арша, терек, итмұрын жоғары сатыдағы өсімдіктерге жатады.  Балдырлар (Algae) — жасушаларында хлорофиллдары бар, өз бетінше органикалық заттар жасап шығара алатын төменгі сатыдағы өсімдіктер тобы. Өсімдіктер жасап шығаратын оттегінің жартысынан көбі балдырлардан келеді. Олар Антарктиданың мұздықтарында да, Йеллоустон паркінің ыстық бұлақтарында да тіршілік ете алады.

Саңырауқұлақтар (латfungi, жекеше түрі fungus) зең, ашытқы, қозықұйрық сияқты эукариоттық ағзалардың бір тобы. Жануар қасиеттерін де, өсімдік қасиеттерін де қамтиды, сондықтан бөлек бір патшалық болып табылады. Саңырауқұлақтар – хлорофилсіз дайын органикалық заттармен қоректенетін төменгі сатыдағы өсімдіктер тобы. Саңырауқұлақтарды өсімдік, бактерия және кейбір простистен айыратын қасиет — хитиннен тұратын жасуша қабырғасы. Олар жануарлар сияқты гетеротрофты, яғни олар тамақты органикалық молекула сіңіру арқылы табады және фотосинтез жасамайды.

Қырықбуын (лат. Equisétum) — қырықбуындар тұқымдасына жататын мәңгі жасыл, көп жылдық шөптесін өсімдіктердің тұқымдас тармағы. Қырықбуындар жер шарының Австралиядан басқа жерлерінің барлығында кездеседі. Класс бір ғана қырықбуын (Equіsetum) туысынан тұрады. Тұқымдас тармағында әр түрлі мәлімет бойынша он бестен отыз екіге дейін өсімдіктердің түрі бар.

Оңтүстік Америка мен Оңтүстік Африкада кең таралған. Еуразияда 11 түрі өседі. Олар өзен жағалауларында, орманда, қалың бұта арасында, ылғалы мол жерлерде өседі. Қазақстанның аса құнды жем-шөптік (бұтақты қырықбуын, теңбіл қырықбуын, қыстық қырықбуын және жайылымдар мен егіс алқаптарында өсетін арам шөп ретінде далалық қырықбуын  түрлері де бар. Ал олардың арасында улы түрлерінің бірі – батпақ қырықбуыны.

Ашық тұқымдылар, жалаңаш тұқымдылар (Cymospermae) – тұқымы мен тұқым бүрі жеміс жапырақшасының үстінде ашық жататын жоғары сатыдағы өсімдіктердің ежелгі тобы. Олар девон, тас көмір, пермь кезеңдерінде пайда болған. Ашық тұқымдылардың алты жүздей түрі саговниктәрізділер Cycadophyta, гинкготәрізділер (qіnkgophyta), қылқан жапырақтылар (Conіferophyta) және Qnetophyta гнеттәрізділер немесе қабықты тұқымдылар (Qnetophуta) болып 4 топқа бірігеді. Қазақстанда үш тұқымдасы, 6 туысына жататын жиырма бес түрі бар. Олар негізінен еліміздің таулы аймақтарына топтасқан.

Ботакоз Абиловна СЕЙТИМБЕТОВА,
Таңшолпан Бақытқызы АЛХОЖА,
Әлихан Бөкейхан атындағы №76
мектеп-лицейдің биология пәні
мұғалімдері, Астана қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий