БІЛІМ БЕРУДІҢ ӘЛЕМДІК ТРЕНДТЕРІ: ҚАЗАҚСТАНДА ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің №253 бұйрығы негізінде «KREATIVTİ QAZAQSTAN» Халықаралық ғылыми-әдістемелік орталығы 12.05.2025-13.05.2025 онлайн және офлайн форматта «БІЛІМ БЕРУДІҢ ӘЛЕМДІК ТРЕНДТЕРІ: ҚАЗАҚСТАНДА ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ» тақырыпты Республикалық ғылыми-әдістемелік семинар өткізеді.  Қазіргі жаһандану дәуірінде білім беру жүйесі үздіксіз өзгеріс пен даму үстінде. Әлем елдері білім сапасын арттыру мақсатында инновациялық әдіс-тәсілдерге, цифрлық технологияларға және тұлғалық-бағдарлы оқыту моделіне бет бұруда. Осындай үдерістер Қазақстанның білім беру жүйесіне де өз ықпалын тигізуде. Мемлекеттік білім беру стандарттарының жаңартылуы, педагог мәртебесінің артуы, цифрлық ресурстардың кеңінен қолданылуы – осының дәлелі. Алайда бұл трендтерді тиімді жүзеге асыру үшін жаһандық тәжірибелерді терең зерделеп, отандық білім беру ерекшеліктерімен ұштастыра отырып енгізу қажеттілігі туындайды.

Осыған байланысты семинар аясында әлемдік білім беру үрдістерін, оларды Қазақстан жағдайына бейімдеу жолдарын анықтау, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру және заманауи білім беру технологияларын тиімді қолдану мәселелері жан-жақты талданады. «Білім берудің әлемдік трендтері: Қазақстанда жүзеге асыру жолдары» атты республикалық ғылыми-әдістемелік семинар — білім беру саласындағы жаһандық жаңалықтарды саралап, оларды ұлттық білім жүйесіне бейімдеуге арналған маңызды ғылыми алаң. Семинар барысында педагогтер мен білім беру саласының мамандары өзара тәжірибе алмасып, заманауи әдіс-тәсілдерді талқылап, тиімді қолдану жолдарын ұсынды. Мұндай шаралар отандық білім сапасын арттыруға, педагогтердің кәсіби дамуына және оқушының жан-жақты дамуына жол ашады. Жаһандық трендтерді ұлттық білім беру кеңістігіне үйлесімді енгізу – Қазақстанның дамыған білім жүйесін қалыптастырудағы басты қадамдардың бірі болып қала береді.

Мәрия Жұмақожақызы,
«KREATIVTİ QAZAQSTAN» Халықаралық ғылыми-әдістемелік орталығы баспасөз қызметі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий